Виброплатформа шынында салмақ тастауға көмектесе ме?

0
230

Платформа үстінде тұруға, отыруға, тіпті жатуға да болады.


Виброплатформа шынында салмақ тастауға көмектесе ме?

Сурет: www.letu.ru

Үйде, сүйікті сериалыңды көріп отырып-ақ арықтау мүмкін бе? Әдетте бұған көп адам күмәнмен қарайды. Алайда виброплатформа өндірушілер мен сатушылар әл осындай нәтижеге кепілдік береді.


Виброплатформа – бұл массажер немесе бүкіл денеге арналған жаттықтырғыш деуге де болады. Массаж жасауға, созылу жаттығуларына, күш жаттығуларына және жеңіл қозғалысқа арналған.

Қолданушының денесіне дірілдеу (вибрация) арқылы әсер етеді. Діріл әсерінен адамның бұлшықеттері рефлекторлық түрде жиырылып-босап тұрады. Сол арқылы метаболизм мен қан айналымы белсенді бола түседі.

Платформа үстінде тұруға, отыруға, тіпті жатуға да болады. Құрылғы вибрация тарату арқылы бұлшықеттерді секундына 50 ретке дейін жиырып-босаңсытады. Осылайша, ол нағыз жаттығу жасағандай әсер береді.

Виброплатформалар екі түрге бөлінеді:

  • стационарлық – әдетте фитнес орталықтарында орнатылады;
  • портативті (шағын) – үйде қолдануға ыңғайлы нұсқа.

Көпшілігі электр желісімен жұмыс істейді. Қолданылған уақытын, жұмсалған калорияны, т.б. есептейтін «ақылды» жүйесі мен көрсеткіштерді бейнелейтін экраны болады.


Қандай пайдасы бар?

  • Вибромассажердағы небәрі 15 минуттық діріл спортзалдағы бір сағаттық толыққанды жаттығуды алмастырады. Әрі калория жағылады, әрі бұлшықет босаңсиды, тіпті целлюлиттен де арылуға көмектеседі.
  • Бұлшықеттерді жиырып-босату арқылы белсенділендіру мүмкіндігін береді. Қан айналымын, лимфа ағымын жақсартуға ықпал етеді.
  • Вибротерапия бел ауыруын жеңілдетуге көмектеседі. Әсіресе ол классикалық физиотерапия мен жаттығулармен бірге қолданылса. Діріл бұлшықет талшықтарын белсендіріп, арқаны ұстап тұратын негізгі бұлшықеттерді (кор бұлшықеттерін) күшейтеді, ал бұл өз кезегінде ауырсынуды азайтады. Алайда дбұл тұста ірілдің жиілігі мен ұзақтығы маңызды. Кей жиіліктер, керісінше, ауырсынуды күшейтуі мүмкін. Емдік діріл әдетте 5–15 минутқа ғана созылады.
  • Вибрация бұлшықет рецепторларын белсендіріп, жүйке мен бұлшықет арасындағы байланыс пен төзімділікті жақсартады. Осы себепті оны инсульттан кейінгі және церебралды сал ауруымен ауыратын науқастардың оңалтуында пайдаланады.
  • Виброжаттығудың танымдық қабілеттерге де оң әсері болуы мүмкін дейді ғалымдар. Діріл нейрондардың белсенділігін арттырып, зейін мен есте сақтауды жақсартады.


Артық салмақтан арылта ма?

Мақсатыңыз артық салмақтан арылу болса, виброплатформаның осы тұрғыда қаншалықты тиімді екенін қарастырайық.

Бірқатар зерттеулер көрсеткендей, вибрациялық жаттығулар бұлшықет тонусын арттыруға, бұлшықеттердің күшеюіне ықпал етуі мүмкін. Сондай-ақ, лимфа айналымы мен қан айналымы жақсарады дейді кейбір мамандар. Бұл денеде жиналған артық сұйықтықты шығарып, ісікті азайтуға көмектеседі.

Алайда салмақтың азаюы бойынша нақты және үлкен нәтижелер бар деп айту қиын. Виброплатформа тек өзін қолданғанда аздыруға қауқарсыз. Сондықтан «ештеңе істемей, тек платформада тұру арқылы азамын» деген ойдан аулақ болыңыз. Дұрыс тамақтану, толыққанды ұйқы, қозғалыс, жалпы физикалық белсенділік бәрібір маңызды.


Құрылғыны қалай таңдау керек?

1. Мақсатты анықтаңыз. Егер сіз платформада белсенді жаттығу жасамақ болсаңыз (мысалы, гантель ұстап отырып-тұру), үлкен салмаққа төзімді модельдерге қараңыз. Кей платформалардың комплектациясында эспандер болады. Онымен қосымша жаттығу жасау қол бұлшықеттерін жаттықтыруға мүмкіндік береді.

Тек массаж жасау үшін аламын десеңіз, өте берік модель қажет емес.

2. Портативтілікті ойластырыңыз. Үйде жиі орнын ауыстыратын болсаңыз, жеңіл әрі шағын үлгісін таңдаған жөн. Тоқпен әрі қуаттағыш батареямен де жұмыс іситейтін болса, тіптен жақсы. Мұндай құрылғыны саябақтағы, залдағы жаттығуға ала кетуге болады.

3. Функция жиынтығын қарастырыңыз. Көп платформаларда жаттығу бағдарламалары мен таймер бар. Пульттің көмегімен жаттығуды тоқтатпай-ақ вибрация жылдамдығын өзгертуге болады.

4. Пікірлерді оқыңыз. Виброплатформаның кей үлгілері қосулы кезде тым қатты дыбыс шығарады. Енді бірінің сымы тым қысқа. Осы сияқты басқа да артық және кемшін тұстарының болатыны заңдылық. Мұндай әсырларын» өндірушілер мен сатушылар айтпайды, әрине. Сол үшін ғаламтордан сатып алушылардың шынайы пікірлерін тауып, танысыңыз.

5. Максималды жүктеме. Құрылғының максимаолды көтере алатын салмағы пайдаланушының дене салмағына сәйкес болуы маңызды.


Ескеріңіз!

Виброплатформа жаттығуына дейін дәрігермен кеңесу ұсынылады. Әсіресе жүрек-қан тамырлары аурулары, остеопороз, буын және омыртқа мәселелері бар адамдарға. Сондай-ақ жүктілік, емізу кезеңінде, онкологиялық аурулар, галлюцинациялар, күшті вестибулярлық бұзылыстар болғанда пайдалану қауіпті болуы мүмкін.

Алғашқы кезеңде жаттығу ұзақтығы 10-15 минуттан аспауы керек.

Дайындаған: Б. ЕРМАН,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:

Мұндай БӨТЕЛКЕЛЕР күнделікті ІШПЕСІҢЕ қоймайды

Смартфонның КӨШІРМЕ емес, ТҮПНҰСҚА екеніне қалай көз жеткіземіз?