ДӘМДІ АС: қаймақ тұздығына піскен тауық еті

0
205


ДӘМДІ АС: қаймақ тұздығына піскен тауық еті

Қажетті қоспалар:

  • 1 кг күркетауық еті
  • 750 гр. саңырауқұлақ
  • 650 гр. қаймақ
  • 400 гр. пияз
  • 50 гр. сары май
  • 70 мл өсімдік майы
  • 3 тіс сарымсақ
  • 1 шай қасық тұз
  • 0,5 шай қасық бұрыш


Дайындалу тәсілі:

  1. Ең алдымен қажетті қоспалардың барлығын үстелдің үстіне дайындап аламыз. Содан соң пияздың қабығын аршып, тазалап жуып, жұқалап тураймыз.
  2. Ал саңырауқұлақты ірілеп турау керек.
  3. Күркетауықе етін де орташа көлемде турайсыз.
  4. Енді табаға май құйып, пиязды қуырып аламыз. Қуырылған пиязға саңырауқұлақты қосып, жақсылап қуырылады.
  5. Сары май қосып, тағы да 5 минуттай қуырасыз. Содан соң дәміне қарай тұз, қара бұрыш қосып, барлығын жақсылап бір араластырып алыңыз.
  6. Қуырылған саңырауқұлақ пен пиязды бір ыдысқа салып алыңыз да, осы майға күркетауық етін қуырыңыз.
  7. Қуырылған күркетауық етіне саңырауқұлақ пен қуырылған пиязды қайта саласыз.
  8. Табаның қақпағын жауып, жай отта 20 минуттай бұқтырасыз.
  9. Сарымсақ, дәміне қарай тағы да тұз, бұрыш қосып, 2-3 минут бұқтырсаңыз жеткілікті. Дайын тағамды қаймақпен, кез-келген гарнирмен ұсына аласыз.


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:

Мультипеште дәмді ас пісіріп көріңіз