Дүниеден түңіліп, жер-әлемде сіз қызығатын ештеңе қалмағандай ма? Ендеше сізге өмірдің ғажап екенін еске салатын адаммен сырласу қажет.
Сурет: mag.sigmalive.com
Кейде өмірде біреуден көмек сұрағың келетін, кеңес алу, қолдау сезіну немесе жай ғана жанға жылу қажет болатын сәттерге тап боламыз. Сондайда ең жаманы – айналаңда керегіңді бере алатын адамның болмауы. Немесе кімге барып, кімге арқа сүйеріңді білмеу.
Негізінде әр адамның өзіне тән күші мен ерекшелігі, айналасына тарата алатын қуаты бар. Төмендегі сипаттамаларға назар аударыңыз, онда қай жұлдыз белгісі қандай жағдайда сізге нағыз тірек бола алатыны айтылған.
Дүниеден түңіліп, жер-әлемде сіз қызығатын ештеңе қалмағандай ма? Ендеше сізге өмірдің ғажап екенін еске салатын адаммен сырласу қажет. Ондайда От белгілері ғана әр сәттің – сыйлық екенін, әр мезеттің бақытқа тұнып тұрғанын ұқтыра алады. Өйткені олар өмірге шексіз ғашық, сіздің де құштарлығыңызды қайта оятады.
От белгілері – Тоқты, Арыстан, Мерген.
Ештеңеге зауқың соқпай, енжарлық еңсеңді басқанда айлар, жылдарды дым бітірмей желге ұшыру түк емес. Уақыттың зая кетіп жатқанын санаң түсінсе де, жаның бір істің басын шалуға ықылассыз. Сондайда шымбайыңа батырып айтатын шыншыл, шапалақпен тартып тұрып мотивация беретін мықты, қолдауымен орныңнан түрегелтіп жіберетін жанашыр біреу болса, шіркін! Ондай жан дәу де болса, Жер белгілерінің арасынан шығады.
Жер белгілері: Торпақ, Бикеш, Тауешкі.
Санаңызды торлаған сұраққа ақылға қонымды жауап таппай жүрсіз бе? Әлде сұрақ жоқ, тек шаршау бар ма? Ештеңе ойламай, жай ғана сол сәттен ләззат алатын, алаңсыз ішіп-жеп, армансыз күлетін демалыс керек пе? Ендеше Ауа белгілерінің бірімен уақыт өткізіңіз.
Ауа белгілері: Егіздер, Таразы, Суқұйғыш.
«Жер бетінде миллиардтаған, елімізде миллиондаған, айналамда мыңдаған адам болса да, жанымды түсінетін бір пенде табылмай жүр» десеңіз, түсінеміз, сенеміз. Мұндай күйді жалғыз сіз кешіп жүрген жоқсыз. Бір-бірін зер салып тыңдау, жанын салып қолдау азайған мына заманда Су белгілері ғана осы қасиетті сақтап қалған секілді. Қиналғанның жанайқайын тыңдауға, эмоциялық қолдауға дайын тұрады.
Су белгілері: Шаян, Сарышаян, Балықтар.
Аударған: А. КЕРІМБЕК,


