ТҮРКІСТАН: Отырарда көпқабатты тұрғынүйдің бірінде жарылыс болды

0
461

Бұл жағдайға газбен жабдықтау жүйесіне өз еркімен қосылу себеп болды.


ТҮРКІСТАН: Отырарда көпқабатты тұрғынүйдің бірінде жарылыс болды

Отырар ауданындағы тұрғын үйлердің бірінде жарылыс болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы, Отырар ауданында газға өз бетінше қосылу салдарынан жарылыс болды. Бұл туралы "QazaqGaz Aimaq" АҚ баспасөз қызметі хабарлады.


Шәуілдер ауылындағы көппәтерлі тұрғын үйлердің бірінде газ-ауа қоспасының жарылуы орын алған. Алдын-ала мәліметтер бойынша, бұл жағдайға газбен жабдықтау жүйесіне өз еркімен қосылу себеп болды.


Оқиға салдарынан адам зардап шегіп, бірнеше пәтердің зақымдануы тіркелді. Газ беру уақытша тоқтатылды, желілерге тексеру жүргізіледі.

Бөлісу