Полиция ойыншық көліктегі жасөспірімді не үшін ұстағанын түсіндірді

0
98

Атырау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 31 шілде күні кешке полицияға әкімдік алдындағы алаңда балаларға арналған электр көліктерін жалға беру қызметінің заңсыз жұмыс істеп жатқаны туралы тұрғындардан шағым түскен.


Полиция ойыншық көліктегі жасөспірімді не үшін ұстағанын түсіндірді

Фото: видеодан скриншот
ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде қызу талқыланған Атыраудағы ойыншық көлік мінген жасөспірімнің ұсталуына қатысты полиция ресми түсініктеме берді, деп жазады Stan.kz.

Атырау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 31 шілде күні кешке полицияға әкімдік алдындағы алаңда балаларға арналған электр көліктерін жалға беру қызметінің заңсыз жұмыс істеп жатқаны туралы тұрғындардан шағым түскен.

Оқиға орнына учаскелік полиция инспекторлары мен қала әкімдігінің қызметкерлері барған. Тексеру барысында жеті балалар электр көлігі тәркіленіп, арнайы тұраққа қойылған. Қазір жалға беру қызметінің заңдылығы тексеріліп жатыр. Полицияның мәліметінше, көліктерді тиеу кезінде жасөспірімдердің бірі электр көлігіне отырып алып, полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындаудан бас тартқан.

Сонымен қатар оның сағат 23:00-ден кейін қоғамдық орында заңды өкілінсіз жүргені анықталған. Осыған байланысты жасөспірім қалалық полиция басқармасына жеткізілген. Ал оның заңды өкіліне екі әкімшілік бап бойынша хаттама толтырылған:

  • баланы тәрбиелеу міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін;
  • кәмелетке толмаған баланың түнгі уақытта ересектердің қарауынсыз үйден тыс жерде жүруіне жол бергені үшін.

Полиция тексеру аяқталғаннан кейін қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шешім қабылданатынын мәлімдеді.

Еске салайық, әкімдік алдындағы алаңда ашық жасыл түсті, сыртқы пішіні Porsche көлігіне ұқсайтын балалар электр көлігін мінген жасөспірімнің ұсталған сәті түсірілген видео әлеуметтік желіде кеңінен тарап, мыңдаған қаралым жинаған.