24 қыркүйекте Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде 14 әскери қызметші қаза тапты.
© Пресс-служба президента Казахстана
ERNUR.KZ. Қорғаныс министрлігіндегі істердің жай-күйіне кешенді тексеру жүргізу жөніндегі комиссия құрылды, деп хабарлады Ақорда.
"Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіндегі істердің жай-күйіне, оның ішінде әскери құрылымдарды қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласындағы жағдайға кешенді тексеру жүргізу мақсатында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіндегі істердің жай-күйіне кешенді тексеру жүргізу жөніндегі комиссия құрылсын", - деп жазылған өкімде.
Комиссияны Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары Аида Балаева басқарады.
Комиссия құрамына сондай-ақ мына лауазымды тұлғалар кірді:
Смайылов Әлихан Асханұлы – Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы, комиссия төрағасының орынбасары;
Жиенбаев Ержан Нұрланұлы – Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігі басшысының орынбасары;
Элиманов Жанат Қалдыбекұлы – Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы;
Баймұқашев Мұрат Қалибекұлы – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі аппаратының басшысы;
Тәкиев Мәди Төкешұлы – Қазақстан Республикасының қаржы министрі;
Өмірәлиев Жандос Жәнібекұлы – Қазақстан Республикасы бас прокурорының бірінші орынбасары;
Алтынбаев Әли Сапарғалиұлы – Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары;
Әмрин Азамат Кемеңгерұлы – Қазақстан Республикасының ұлттық экономика бірінші вице-министрі.
24 қыркүйекте Маңғыстау облысында Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде 14 әскери қызметші қаза тауып, үшеуі құтқарылды.


