Қазақстан кикбокстан әлем чемпионатында 25 алтын медальмен бірінші орынды иеленді

0
237

Екінші орынға 12 алтыны бар Сербия жайғасса, үшінші сатыға 10 алтын еншілеген Әзербайжан тұрақтады.


Қазақстан кикбокстан әлем чемпионатында 25 алтын медальмен бірінші орынды иеленді

© Photo : Туризм және спорт министрлігі

Қазақстан кикбокстан әлем чемпионатында 25 алтын медальмен бірінші орынды иеленді, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
Қазақстан құрамасы 18-27 қыркүйек аралығында Италияның Джезоло қаласында өткен балалар, кадеттер және жасөспірімдер арасындағы WAKO әлем чемпионатындағы өнерін сәтті аяқтады.
Отандастарымыз рингтік дисциплиналардың медаль есебінде үздік нәтиже көрсетті.
Турнир қорытындысы бойынша қазақстандық спортшылар қоржынын 66 медальмен толтырды:
25 алтын медаль
20 күміс медаль
21 қола медаль
"Осы 25 алтын жүлденің арқасында Қазақстан жалпы командалық есепте сенімді түрде бірінші орынға шықты. Екінші орынға 12 алтыны бар Сербия жайғасса, үшінші сатыға 10 алтын еншілеген Әзербайжан тұрақтады", - деп жазылған хабарламада.
WAKO әлем чемпионатының рингтік бағдарламасына фулл-контакт, лоу-кик және K1 дисциплиналары кіреді. Италиядағы додада әртүрлі жас санаттарындағы спортшылар – балалар, кадеттер және жасөспірімдер әлем чемпионатының жүлделері үшін бақ сынады.
Осылайша, Қазақстан құрамасы рингтік дисциплиналар бойынша әлем чемпионатын 25 чемпион атағымен және жалпы есептегі көшбасшылықпен қорытындылады. Алтын медальдар саны бойынша ұлттық құрамамыз ең жақын қарсыласын екі еседен астам артық басып озды.