Құрылтай депутаты: «Кітап оқитын ұлт» – болашақтың адамы жайлы жоба

0
112

Депутат елімізде заманауи, оның ішінде цифрлық кітапханалар бар екенін атап өтті.


Құрылтай депутаты: «Кітап оқитын ұлт» – болашақтың адамы жайлы жоба

ERNUR.KZ. Технологиялар мен жасанды интеллект қарқынды дамып жатқан заманда ақпаратты қабылдау ғана емес, оны талдай білу, шындықты жалғаннан ажырату, әртүрлі көзқарасты түсіну және білімді өз бетінше қалыптастыру маңызды. Сондықтан «Кітап оқитын ұлт» жобасының негізгі міндеттерінің бірі – кітап оқуды, ойлануды және үнемі білім алуды тұрақты әдетке айналдыру. Бұны ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Құрылтай депутаты Сергей Пономарев мәлімдеді

«Осыған байланысты «Жылдың 10 үздік оқырманы» жобасын қолдағым келеді. Ол кітап оқуды қоғам өмірінің ажырамас бөлігіне айналдыруға ықпал етеді. Адамдар кітап таңдап, оқыған шығармаларын талқылап, өз ойларын отбасымен және достарымен бөліседі. Құрылтай депутаты ретінде бұл бастаманы қолдау маңызды деп санаймын. Сонымен қатар оқырмандар кітапханалардағы, кітап дүкендеріндегі және заңды цифрлық ресурстардағы кітаптарға еркін қол жеткізе алуы керек», - деді ол.

Депутат елімізде заманауи, оның ішінде цифрлық кітапханалар бар екенін атап өтті. Оларға арнайы карта арқылы кіруге болады. Кейбір кітапханалар тәулік бойы жұмыс істеп, жастардың бас қосатын орталығына айналып келеді.

«Кітап оқитын ұлт» – тек кітап туралы жоба емес, болашақтың адамы туралы жоба. Яғни оқи алатын, түсінетін, өз бетінше ойлайтын және өмір бойы білім алуға ұмтылатын адам жайлы жоба», – деп түйіндеді спикер.