2026 жылы Қытайда 200 қазақстандық маман білімін жетілдіреді деп күтіліп отыр.
фото: Пресс-служба министерства водных ресурсов и ирригации Казахстана
ERNUR.KZ. Қазақстандық су саласы мамандарының төртінші легі Қытайға оқуға аттанды, деп жазады sputnik.kz.
Қазақстандық су саласының төртінші тобы Қытайда біліктілігін арттыру курстарынан өтуді бастады. Осылайша биыл Қытайда оқудан өткен мамандардың жалпы саны 125 адам болды.
Курстар қабылдаушы тараптың есебінен ұйымдастырылып, оқыту процестері Power China компаниясының кәсіпорындарында жүргізіліп жатыр.
Бұл бағдарлама отандық су шаруашылығы саласының кадрлық әлеуетін арттыру аясында жүзеге асырылып отыр. Сонымен қатар біз өзге елдерде де осындай оқыту бағдарламаларын іске қосу бойынша келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Бұл – біз үшін ең маңызды бағыттардың бірі, сондықтан шетелдік делегациялармен әрбір кездесуде осы мәселені көтереміз", – деді Нұржан Нұржігітов.
Министрлік қытайлық әріптестерімен бұл бағдарламаны келесі жылы да жалғастыруға келісім жасағанын еске сала кетейік. 2026 жылы Қытайда 200 қазақстандық маман білімін жетілдіреді деп күтіліп отыр.