Мұндай БӨТЕЛКЕЛЕР күнделікті ІШПЕСІҢЕ қоймайды

0
210


Мұндай БӨТЕЛКЕЛЕР күнделікті ІШПЕСІҢЕ қоймайды

Сурет: avatars.dzeninfra.ru

Заманауи «ақылды» бөтелкелер тек суды құйып алып жүру, сақтау құралы ғана емес. Оларды денсаулық пен өмір салтын жақсартуға көмектесетін толыққанды технологиялық құрылғы деуге әбден болады. Өйткені жетілдірілген «ақылды» бөтелкелердің техникалық мүмкіндіктері өте кең.


Ішілген су мөлшерін есептеу

«Ақылды» бөтелке күнделікті су тұтыну нормасын орындауды бақылайды. Ішілген су мөлшерін автоматты түрде есептеп тұрады. Онымен шектелмей, есеп нәтижесін иесіне жіберіп те отырады. Bluetooth немесе Wi-Fi арқылы мобильді қосымшаға қосылып, статистика деректерін жібереді.


Еске салу функциясы

Су ішуді ұмытқанда оны LED жарықдиодтары немесе діріл арқылы еске салады. Еске салулар алдын-ала белігленген уақыт бойынша немесе иесінің суды тұтыну деңгейіне қарай автоматты түрде іске қосылады. Кейбір модельдер тіпті қолданушының әр күнгі физикалық белсенділігін есепке ала отырып, қажетті су мөлшерінің кестесін де өз бетінше құра алады.


Ультракүлгін (UV-C) стерильдеу

«Ақылды» бөтелкелердің ең маңызды әрі бағалы қызметтерінің бірі – ыдыстың ішін және суды ультракүлгін сәулелермен зарарсыздандыру. Мұндай тазалау әдісі арқылы бактерия мен вирустардың 99,9% жойылады. Бұл әсіресе тұрғын аймақтағы ауыз су сапасыз болғанда және өзге өңірлерге сапар шеккенде құрамы белгісіз суды ішуге тура келгенде өте пайдалы. Кей өндірушілер тіпті «Ақылды» бөтелке кез келген көзден алынған суды таза суға айналдырады. Суды қоғамдық фонтаннан, краннан немесе тіпті табиғатта, кемпинг кезінде өзеннен алсаңыз да. Тек қақпағына түртіңіз де, ең таза, ең балғын, шөлді қандыратын судан ләззат алыңыз» деп уәде береді.


Температураны сақтау

«Ақылды» бөтелкелер вакуумды оқшаулаудың арқасында сусынның салқын қалпын 24 сағатқа дейін, жылы күйінде 12 сағатқа дейін сақтай алады. Кейбір үлгілерде температураны автоматты түрде өлшейтін датчиктері, оны көрсетіп тұратын панельдері де болады.


Мобильді қосымшалармен синхрондау

Өндірушілер тауарын өткізу үшін асыра айтып, мақтай береді деп ойламаңыз. «Ақылды» бөтелкелердің көпшілігі iOS, Android жүйелерінде арнайы мобильді қосымша арқылы басқарылады. Оның жасап жатқан қызметі, жай-күйі туралы деректі күнделікті көріп-біліп отырасыз.

Қосымшада бірнеше күндік не аплатық ілішген су мөлшерінің статистикасы, қажетті су мөлшерінің тұтынылу кестесі, еске салу уақыты, зарарсыздандыру, қолданушының жеке параметрлері (салмақ, жас, физикалық белсенділік) т.б. ақпараттар сақталып тұрады.


Аккумулятор және зарядтау мүмкіндіктері

«Ақылды» бөтелкелердің көпшілігіне аккумулятор орнатылады, USB-C немесе microUSB арқылы зарядталады. Бір рет толық зарядталған батарея бір аптадан бір айға дейін жұмыс істей алады. Кейбір модельдер алмалы-салмалы аккумулятормен жабдықталған.


Материал және корпус сапасы

Әдетте «ақылды» бөтелкелер қарапайымға қароағанда қымбат тұрады. Соған сәйкес, жоғары сапалы тот баспайтын болаттан жасалады. Пластиктен жасалған күннің өзінде арзан түрі емес, BPA-free (денсаулыққа зиянсыз) санатына жататын түрлер қолданылады.

Сонымен қатар, «ақылды» бөтелке өндірушілердің басым көпшілігі су өткізбейтін және соққыға төзімді болуына баса мән береді.


Ақылды сенсорлар мен датчиктер

«Ақылды» бөтелкеге әдетте қозғалысты анықтайтын акселерометр орнатылады, ол ішкен әр жұтымды есептейді. Санау қолданушы бөтелкені ашқанда автоматты түрде іске қосылады. Одан бөлек, температураны, су деңгейін, ішілген көлемді өлшейтін сенсорлар болады.


Қосымша мүмкіндіктер:

  • NFC немесе QR коды – қосымшаға оңай қосылу үшін
  • Дауыстық көмекшілермен жұмыс – Siri немесе Google Assistant арқылы басқару (кейбір модельдерде)
  • Су сапасын талдау – кейбір бөтелкелер су құрамын талдап, сапасын анықтай алады, бірақ бұл сирек кездесетін функция


Hi-Tech Mail редакциясының рейтингі бойынша, қазіргі уақыттағы ең үздік теп танылған ТОП-5 «ақылды» бөтелкелер:

  • HidrateSpark Pro

Сурет: m.media-amazon.com

Ішілген судың мөлшерін есептейтін Bluetooth чипімен және су ішуді еске салатын LED жарықдиодты индикатормен жабдықталған. Тот баспайтын болаттан жасалған. Сусындарды 24 сағатқа дейін салқын күйде сақтайды. Қосымша арқылы телефонмен синхрондалады, еске салуларды икемді түрде орнатуға мүмкіндік береді. Батареясы шамамен бір апта жұмыс істейді. Көлемі мен дизайны спортпен айналысуға және күнделікті қолдануға ыңғайлы. Кемшілігі – салмағы мен құлыптау механизмінің күрделілігі.


  • EQUA

Сурет: cdn.shopify.com

Бөтелкеде әр жұтымды бақылауға арналған акселерометр және төменгі жағында су ішу қажеттілігін еске салатын жарықдиодты сақина бар. Қолданушының жеке параметрлерін ескеретін қосымша арқылы жұмыс істейді. Жасты, салмақты, ауа температурасын және белсенділік деңгейін ескеріп, су қажеттілігін есептейді. Көлемі – 680 мл. Суды 24 сағатқа дейін бір температурада сақтайды. Аккумуляторы алынбалы, USB арқылы зарядталады. Модель минималистік дизайнымен және ыңғайлылығымен ерекшеленеді.


  • Larq PureVis

Сурет: i.pinimg.com

Ультракүлгін жарықдиодты өзін-өзі тазалау, зарарсыздандыру жүйесімен жабдықталған. Сол арқылы микробтарды жояды, жағымсыз иіс пайда болуына жол бермейді. Тот баспайтын болаттан жасалған. Батареясы бір айға дейін жұмыс істейді. Сусын температурасын 24 сағатқа дейін сақтайды. Көлемі – 500 мл.


  • CrazyCap Pro

Сурет: m.media-amazon.com

Суды тез және тиімді тазартатын ультракүлгін стерилизатормен жабдықталған. Сусындарды 12 сағатқа дейін ыстық, 24 сағатқа дейін салқын күйде сақтайды. Бұл бөтелке су тұтынуын есептеуге арналмаған, басты назар жайлылық пен стильде. Үйде, жұмыста және саяхатта қолдануға қолайлы.


  • Monos Kiyo UVC

Сурет: i.pinimg.com

Ультракүлгін сәулелі жарықдиодты технология арқылы бактериялардың 99,99%-на дейін жоя алады. Тот баспайтын болаттан жасалған. Вакуумды оқшаулауға ие, суықты да, ыстықты да ұзақ сақтайды. USB-C арқылы оңай зарядталады. Күнделікті қолданыс пен сапарларға ыңғайлы.

«Ақылды» бөтелкелер денсаулықты, уақытты және тәуліктік су мөлшерін ішу әдетін басқарудың тиімді құралы. Әсіресе спортшыларға, кеңсе қызметкерлеріне және жиі саяхаттайтын адамдарға үлкен көмекші.

Дайындаған: Б. ЕРМАН,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:

Смартфонның КӨШІРМЕ емес, ТҮПНҰСҚА екеніне қалай көз жеткіземіз?

Таздану, "геморройға" себеп болатын гаждеттер