Фото: magnific.com
ERNUR.KZ. Ақтөбе қаласының іргесіндегі Есет батыр ауданында 5 қараша күні кешкі уақытта 26 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Осымен бір айда Ақтөбеде үшінші әйел кісі қолынан қаза тапты, деп жазады Stan.kz.
Белгілі болғандай, 31 жастағы күдікті – марқұм әйелдің бұрынғы күйеуі. Алдын ала мәлімет бойынша, қылмыс бұрынғы ерлі-зайыптылар арасындағы тұрмыстық жанжал салдарынан болған. Әйел тұншығып, көз жұмған.
“Күдікті ұсталып, Қылмыстық кодекстің 99-бабы ("Адам өлтіру") бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды”,- деп мәлімдеді полиция.
Айта кетейік, 12 қазаннан бері Ақтөбеде жас әйелдердің өліміне қатысты бұл – үшінші оқиға.


