Вакцинация жүргізілді ме, жоқ па: екпе алу деректерін бақылау қызметі іске қосылды

0
108

Қазақстандықтарға SMS-хабарлама жіберіледі.


Вакцинация жүргізілді ме, жоқ па: екпе алу деректерін бақылау қызметі іске қосылды

фото: Sputnik / Владислав Воднев

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрлігі жаңа цифрлық сервистен SMS-хабарлама жіберілетінін хабарлады, деп жазады sputnik.kz.
Жаңа сервис екпе туралы мәліметтерді дұрыс жүргізуге көмектеседі. Бұдан былай вакцина алған адамға немесе баланың заңды өкіліне SMS-хабарлама автоматты түрде жіберіледі. Онда екпенің түрі мен вакцинация жасалған күні көрсетіледі.
SMS-хабарламаға екі нұсқа бойынша жауап беру ұсынылады:
вакцинация шынымен жүргізілген жағдайда - "811" ("Иә");
екпе жүргізілмеген жағдайда - "812" ("Жоқ").
Жауапты 1414 қысқа нөміріне жіберу қажет.
"Егер SMS-хабарламадағы ақпарат шындыққа сәйкес келмесе, азамат бұл туралы жауап хабарламасы арқылы хабарлай алады. Бұл нақты жүргізілген вакцинация мен медициналық ақпараттық жүйеге енгізілген мәліметтер арасындағы ықтимал сәйкессіздіктерді уақтылы анықтауға мүмкіндік береді", - дейді министрлік мамандары.