Биыл Қазақстанда түсірілген 71 фильмнің 63-і ана тілімізде жарыққа шықты

0
137


Биыл Қазақстанда түсірілген 71 фильмнің 63-і ана тілімізде жарыққа шықты

ERNUR.KZ. Былтыр баспадан шыққан 6 мыңнан астам кітаптың 70 пайызы қазақ тілінде басылып, биыл Қазақстанда түсірілген 71 фильмнің 63-і ана тілімізде жарыққа шықты. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТоқаевХалықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Х құрылтайында айтты, деп жазады baq.kz.

Президент қазақ тілі барлық салада, соның ішінде креативті индустрия саласында кең қолданылатынын атап өтті.

«Ана тілімізде жарық көрген кітаптардың, әндердің, фильмдердің нарықтағы үлесі ұлғая түсті. Мысалы, былтыр баспадан шыққан 6 мыңнан астам кітаптың 70 пайызы қазақ тілінде басылды. Ал биыл Қазақстанда түсірілген 71 фильмнің 63-і ана тілімізде жарыққа шықты. Айтылған деректердің бәрі жұртымыздың арасында қазақ тіліне үлкен сұраныс тудырды. Бұл – өте қуанышты жайт, жақсы үрдіс. Осындай жұмысты күшейте беруіміз керек», - деді Президент.