Жаңа төлем жүйесі ресми түрде 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Фото: Кабар
ERNUR.KZ. Қырғызстан Олимпиада, Паралимпиада және Сурдолимпиада чемпиондары мен жүлдегерлеріне, сондай-ақ олимпиадалық спорт түрлерінен әлем чемпионы болғандарға зейнетке шыққаннан кейін өмір бойы ай сайынғы стипендия төлеу тәртібі ресми түрде енгізіп жатыр, деп жазады inform.kz.
Олимпиада жүлдегерлеріне стипендиялар келесі мөлшерде төленеді:
• 2-орын (күміс) - 25 000 сом немесе 128 000 теңге
• 3-орын (қола) - 20 000 сом немесе 102 000 теңге
Сонымен қатар Олимпиадалық спорт түрлерінен ересектер арасындағы әлем чемпиондарына 20 000 сом немесе 102 000 теңге стипендия тағайындалады.
Егер спортшының бірнеше медалі немесе атағы болса, олардың әрқайсысы үшін бөлек стипендия берілмейді, спортшының ең жоғары спорттық жетістігі үшін бір ғана стипендия тағайындалады.


