Алматыда жолаушылар отырған екі автобус соқтығысты

0
146

Куәгерлердің айтуынша, №78 бағыттағы автобус №136 автобустың артынан соғылған.


Алматыда жолаушылар отырған екі автобус соқтығысты

фото:tengrinews.kz.

ERNUR.KZ. Алматыда екі жолаушылар автобусы жол апатына ұшырады, деп жазады tengrinews.kz.

Қалалық Полиция департаменті мәліметінше, оқиға сағат 13:00 шамасында Момышұлы метро станциясы маңында болған.

Куәгерлердің айтуынша, №78 бағыттағы автобус №136 автобустың артынан соғылған.

"SAZ маркалы автобус жүргізушісі Абай даңғылымен шығыс бағытта келе жатып, алдында сол бағытта тұрған Golden Dragon маркалы автобусқа соғылды", - деді полиция.

Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Құқық қорғау органдары тергеу жүргізіп, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Бұған дейін Астанада Байтұрсынов көшесімен келе жатқан IVECO маркалы автобус жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кеткен болатын. Кенет тежеу салдарынан автобустың үш жолаушысы жарақат алды.