Алматыдағы «Қалқаман» метро станциясы 1 желтоқсанда ашылады

0
161

Станцияның ашылатын мерзімін Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Наурызбай ауданына жасаған жұмыс сапары кезінде мәлімдеді.


Алматыдағы «Қалқаман» метро станциясы 1 желтоқсанда ашылады

Алматы әкімдігі

ERNUR.KZ. Алматыдағы жаңа «Қалқаман» метро станциясын 1 желтоқсанда іске қосу жоспарланып отыр. Құрылыс жұмыстары толық аяқталған. Қазір мамандар станцияны ашуға дайындап жатыр, деп жазады Ulysmedia.kz.

Ашылуына бір айдан аз уақыт қалды

Станцияның ашылатын мерзімін Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Наурызбай ауданына жасаған жұмыс сапары кезінде мәлімдеді.

“ Құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталды. Қазір бекітілген кестеге сәйкес іске қосу-баптау жұмыстары жүріп жатыр. Станция маңы абаттандырылып, шамамен 400 автотұрақ орны жасалды “, – деді қала әкімі.

Оның айтуынша, станцияны 1 желтоқсанға дейін іске қосу жоспарланған. Алдағы үш жылда қала билігі батыс бағытта тағы үш метро станциясын салуды көздеп отыр.

Контекст

Алматы тұрғындары метро станцияларындағы адам көптігі мен қарбалас уақытта пайда болатын кезектерге жиі шағымданады. Жақында ONAY қосымшасындағы ақау жағдайды одан әрі қиындатты. Жолаушылар жолақы төлеуге арналған QR-кодтарды ала алмай, метро кіреберістерінде адамдар жиналып қалды.