Астанада Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимараты ашылды

0
263

Екі елдің көшбасшылары елшілік аумағына ағаш көшетін екті.


Астанада Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимараты ашылды

© Photo : Пресс-служба президента Казахстана

ERNUR.KZ. Қазақстанда Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимараты ашылды, деп жазады sputnik.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Астана қаласындағы Анатолий Храпатый көшесінде орналасқан Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимаратының ашылу салтанатына қатысты.

"Тоқаев пен Рахмон рәсімдік лентаны қиды. Содан соң Президент оркестрі екі елдің мемлекеттік әнұрандарын орындады", - деп хабарлады президенттің баспасөз қызметі.

Мемлекеттер басшыларына Тәжікстан елшілігінің ғимараты туралы ақпарат беретін бейнеролик көрсетілді. Содан кейін олар дипломатиялық өкілдікті аралап көрді.

Екі елдің көшбасшылары елшілік аумағына ағаш көшетін екті.