Осы кішкентай қадамдардың өзі уақыт өте келе үлкен өзгерістерге алып келеді.
фото: ЖИ
Кейде біз өзімізге жақсылық жасауды үлкен өзгерістерден, күрделі жоспарлардан іздеп жатамыз. Ал шын мәнінде, адамның өзін жақсы сезінуі күнделікті өте қарапайым әдеттерден басталады. Сондықтан өзіңе қамқор болу үшін тым болмаса күн сайын шағын да болса жаттығулар жасап жүруді әдетке айналдырған жөн. Осы кішкентай қадамдардың өзі уақыт өте келе үлкен өзгерістерге алып келеді.

Осы позада күнделікті 60 секунд тұрсаңыз, қысылып, қысқарып қалған омыртқаның созылуына және стресс деңгейінің төмендеуіне ықпал етесіз.

Осы жаттығуды күнде үзбей қайталап, керіліп-созылып тұрыңыз. Белдегі, жамбастағы блоктарды кетіреді. Қанайналымды жақсартады, ауырсыну сезімдерін басады.

Осы позада 60 секунд күнде тұрсаңыз, арқаны босаңсытуға және белді созып, жеңілдетуге көмектеседі.

Кобра позасында тұруға күн сайын 2 минутыңызды бөлсеңіз, белдегі және арқадағы ауырсынуды азайтуға көмектеседі. Көңіл-күйді жақсартады.

Күн сайын 60 секундтан планкада тұрсаңыз, кеуде бұлшықеттерін нығайтуға және тепе-теңдікті жақсартуға ықпал етеді.

Осы позада күн сайын 2 минут тұра алсаңыз, блдегі жиналған кернеу кетеді. Қисайған омыртқа, арқа сүйектерін түзеп, қалпына келтіруге де әсері бар.
Жинақтаған: А. Керім-Бек,
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:


