Зардап шеккендер жоқ.
Фото: Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметі
ERNUR.KZ. Бүгін Атбасарда астық қабылдайтын кәсіпорынның аумағында күнбағыс тұқымдары кептірілетін қондырғыда өрт шықты, деп жазады inbusiness.kz.
Оқиға орнына Ақмола облысы ТЖД бөлімшелері мен "Лана" АҚК ЖШС-нің ерікті өрт сөндіру құрылымы жедел жетті.
Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында өрт 10 шаршы метр аумақта жедел сөндірілді. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.


