Жаз уақытында бұзылмаған, балғын тағамдарды тұтыну маңызды!
Жазға дейін арықтай алмағандар, бұл мезгілде арықтай алады деп айту қиын Себебі жазда тәтті сусындар, балмұздақ, тәтті тағамдарды көп жейтініміз жасырын емес. Соның әсерінен де дене ісініп кетеді. Бірақ шөлді басу үшін көп су ішетіндіктен, жаз мезгілінде тамаққа тәбет тарта қоймайды. Осындай жағдайды пайдаланып, арықтап алуға да болады. Ол үшін қалай тамақтану керектігін төменнен оқып, біле аласыз!
- Аптап ыстықта адамдар салқын сусындар мен тағамдарды ішкісі келеді. Дегенмен тағамның құрамына мән беруді ұмытпаңыз. Ең бастысы қант пен майлы тағамдардан бас тартсаңыз болғаны.
- Бұдан бөлек ауа-райының өзгеруіне байланысты жазда ет тағамдарының орнына балық жегіңіз келетін шығар. Мұндайда міндетті түрде балық жеуге тырысыңыз. Себебі балықта дәрумен көп. Мысалы, сіз көкністер мен жемістерден құралған диетаға отырған болсаңыз, ағзаңызға ақуыз бен. Көмірсулар жетіспеуі мүмкін. Осындайда арасында балық жеп тұру керек. Бірақ жемістер – газды су мен балмұздаққа қарағанда сау таңдау болары анық.
- Таңертеңгі уақытта кофе ішпесе ұйқысы ашылмайтын жандар кофені қосулы кондиционер астындаотырып ішкені жақсы. Бөлме температурасының көтерілуі ас қорыту жүйесіне әсер етеді. Сондықтан да ыстық кофені салқын жерде ішсеңіз, бұл жағдай сіздің асқорыту жүйеңізге соншалықты әсер ете қоймайды.
- Күн ыстықта денеңізге күннен қорғайтын SPF кремдер жағып, басыңызға шляпа немесе кепка киіп алғаныңыз жөн. Мұның барлығы артық тамақтану мен тәтті сусындарды көп ішудің алдын алады. Сонымен қатар, үйдегі терезелерді перделерді немесе фольганы қолдана отырып көлеңкелеу керек, кондиционер болса, бұл құрылғыны міндетті түрде қосқан абзал. Киім табиғи маталардан болса, ыстық тартпайды. Ал керісінше болған жағдайда қатты терлеп, ағзаңыз тез сусызданатын болады. Сондықтан сіз әрқашан өзіңізбен бірге су алып жүруіңіз керек.
- Жаз уақытында бұзылмаған, балғын тағамдарды тұтыну маңызды. Дәл қазір шіліңгір шілденің кезінде барлық тағам тоңазытқышта сақталуы керек. Алыс сапарға шыққанда немесе жұмыс орнына тамақ апарғыңыз келсе, арнайы тоңазытқышы бар сөмкелерге салып апарғаныңыз дұрыс. Сонда ғана бұл тағамның бұзылмағанына сенімді бола аласыз.
Аптап ыстық – барлық адамға қолайсыздық тудырады. Салқын сусын, салқын тағам барлық уақытта жаныңнан табыла бермейді. Әрқашан тағам балғындығына мән беріп, оның құрамында пайдалы заттардың болғанын қадағаласаңыз, денсаулығыңыз сыр бермейді, сымбатыңыз да сымдай тартылатын болады.
ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ: