ERNUR.KZ. Алматы қаласының полицейлері жүргізушілерді көліктердің салмақтық шектеулеріне қарсы наразылық акциясына шығуға үндеп, желіде видео жариялаған адамды анықтады, деп жазады Zakon.kz.
Бейнежазба әлеуметтік желіде жарияланған. Видеода ер адам баршаны 1 қарашада жүк көліктерін жаппай әрі ұйымдаса тоқтатуға шақырған.
"Бейнеүндеудің авторы 41 жастағы Асылжан Баймұханов болып шықты. Ол рұқсат етілмеген жаппай іс-шараны ұйымдастыруға шақырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды". Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі
Сот шешімімен Асылжан Баймұханов кінәлі деп танылып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.


