Чехияда шағын ұшақ құлап, ұшқыш қаза тапты

0
219


Чехияда шағын ұшақ құлап, ұшқыш қаза тапты

Фото: novinky.cz
ERNUR.KZ. Чехияда шағын ұшақ апатқа ұшырап, ұшқыш қаза тапты, деп жазады kaz.inform.kz.

Novinky ақпараттық порталының мәліметінше, оқиға елдің орталық бөлігіндегі Бенешов қаласына қарасты Вранов ауылының маңында болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, қолайсыз ауа райы салдарынан ұшқыш әуе кемесін басқара алмай қалған.

Апаттың нақты себебін сарапшылар мен полиция өкілдерінен құралған арнайы комиссия анықтайды.