Жаңа жыл қарсаңында өзіңе құрмет көрсет!
Жаңа жыл жақындаған сайын көп адам өзін қатаң өзгерістерге мәжбүрлейді: қатал диета, ауыр шектеулер, асығыс шешімдер. Бірақ шын мәнінде жаңа бастама қинаудан емес, өзіңе деген қамқорлықтан басталуы керек. Бұл бірнеше күн – өзіңді жазалау емес, ағзаға тыныштық пен жеңілдік сыйлайтын уақыт деп біліңіз.
Психологтардың айтуынша «Бұл кезеңде мен аш қалуды мақсат етпеймін. Керісінше, өз ағзамды тыңдауға, оған пайдалы әрі жеңіл тағамдармен қолдау көрсетуге тырысамын. Тамақты саналы түрде таңдау – өзіме деген құрметтің бір көрінісі. Себебі денсаулық пен жақсы көңіл-күй бір күнде емес, күн сайынғы шағын таңдаулар арқылы қалыптасады» деп ойлау керек. Сонымен қатар «Мен мінсіз болуға ұмтылмаймын. Мінсіздік – қысым, ал қамқорлық – тыныштық береді. Өзімді жақсы сезіну, бойымдағы жеңілдікті байқау, таңертең сергек ояну – мен үшін ең үлкен нәтиже» екенін де естен шығармаңыздар дейді.
Жаңа жылды ауырлықпен емес, жеңіл оймен, жақсы ниетпен қарсы алғыңыз келе ме? Олай болса, біррнеше күндік диета мәзіріне көз жүгіртіп көріңіз.
| 1-күн Таңғы ас: Сұлы ботқасы (сүтпен немесе сумен) 1 шай қасық бал Шай Тіскебасар: Алма немесе бананның жартысы Түскі ас: Тауық сорпасы (картоп аздап қосуға болады) Тауық еті 100 г Көкөніс салаты Тіскебасар: Айран / йогурт Кешкі ас: Қарақұмық немесе күріш (аз мөлшер) Көкөніс | 2-күн Таңғы ас: 2 дана жұмыртқа (қайнатылған) 1 тілім қара нан Шай Тіскебасар: Жаңғақ 5-6 дана Түскі ас: Буға піскен балық немесе ет Картоп езбесі (аз) Салат Тіскебасар: Жеміс Кешкі ас: Сүзбе немесе айран, қияр салаты | 3-күн Таңғы ас: Қарақұмық немесе тары ботқасы, 1 шыны шай. Тіскебасар: Алма Түскі ас: Палау (шағын табақ, майы аз) Салат Тіскебасар: Айран Кешкі ас: Көкөніс омлеті немесе салат |
Қосымша кеңестер:
Диета кезінде күніне 1 кәмпит жеуге болады.
Күніне 1,5 л су ішу керек.
Кешке ауыр тамақ жемеңіз.
Көңіл күй мен ұйқының маңызы зор.
Тағы да оқыңыз:


