​Түркістандық пара таеквандошы әлем чемпионатында жүлде еншіледі

0
269

Қайырғали Темурханұлының әлем чемпионатындағы жүлдесі – табанды еңбегі мен тұрақты дайындығының нәтижесі.


​Түркістандық пара таеквандошы әлем чемпионатында жүлде еншіледі

Түркістандық пара таеквандошы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оңтүстік Кореяның Муджу қаласында пара таеквондодан XI Әлем чемпионаты өтті. Халықаралық додада түркістандық спортшы әлем чемпионатында ел намысын абыроймен қорғап, Қазақстан құрамасының қоржынына қола медаль салды.

63 келі салмақ дәрежесінде сынға Қайырғали Юсупбеков облыстық мүгедектігі бар спортшыларға арналған «Сауран» спорт клубының спортшысы. Әлемнің үздік спортшылары бақ сынаған жарыста үздіктердің қатырынан көрінген спортшының бапкерлері – Айдос Жақсыбеков, Розыбай Хайруллаев.

Айта кетейік, ол бұған дейін пара таеквондодан Қазақстанның бірнеше дүркін жеңімпазы және Азия чемпионы атанған. Түркістан қаласының тумасы Қайырғали Темурханұлының әлем чемпионатындағы жүлдесі – табанды еңбегі мен тұрақты дайындығының нәтижесі.

Бөлісу