Норвегияның Лиллехаммер қаласында шаңғымен тұғырдан секіруден әлем кубогының кезеңі аяқталды.
Фото: ҰОК
ERNUR.KZ. Қазақстандық Данил Васильев екі жарыста да финалға шығып, 19 және 29-орындарды иеленді. Илья Мизерных та екі рет финалдық кезеңде өнер көрсетті, деп жазады inform.kz.
Екінші жарыстың қорытындысы бойынша Васильев 29-орынға, Мизерных 39-орынға орналасты. Бұл сында норвегиялық Кристоффер Эриксен Сундал жеңімпаз атанды. Австриялық Раффаэль Циммерман екінші, норвегиялық Исак Андреас Лангмо үшінші орын алды.
Қазақстандық Святослав Назаренко мен Нұршат Тұрсынжанов іріктеу кезеңінен өте алмады.


