Атырауда жолаушылар автобусы мектеп оқушысын қағып кетті

0
299

Қазір тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.


Атырауда жолаушылар автобусы мектеп оқушысын қағып кетті

Фото: Zakon.kz

ERNUR.KZ. Атырау қаласында жолаушылар автобусы жетінші сынып оқушысын қағып кетті. Жол апатынан оқушы қыз бен қоғамдық көліктің екі жолаушысы зардап шекті, деп жазады zakon.kz.

"Ақ Жайық" басылымының 2026 жылғы 22 қарашадағы мәліметінше, жол апаты 19 қарашада сағат 12:10 шамасында Азаттық даңғылында, "Торговая база" аялдамасы маңында болған.

Куәгерлердің айтуынша, автобус оқиға кезінде №64 бағыт бойынша жүріп бара жатқан.

"Оқушы қыздан бөлек, Yutong маркалы автобустың тағы екі жолаушысы зардап шекті. Олар медициналық көмекке жүгінді", – деп нақтылады Атырау облыстық Полиция департаменті.

Қазір тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.