САЛМАҚ ТАСТАУ: қай уақытта таразыға тартылған дұрыс?

0
1 637

Арықтауды қатты қалап жүрсіз бе? Осының әсерінен сағат сайын таразыға тартыла бересіз бе? Ендеше нутрициолог дәрігерлер шын мәнінде таразыға қай уақытта және қалай тартылу керектігін айтқан екен. Дәрігерлердің кеңесіне құлақ түріп көріңіз.


САЛМАҚ ТАСТАУ: қай уақытта таразыға тартылған дұрыс?

Таразыға тартылу – бұл сіз ойлағандай жай ғана жасала салатын іс емес. Оның да тәртібі барын ұмытпауымыз керек.

Күннің қай уақытында таразыға түскіңіз келді, сол мезетте таразыға тұра салу дұрыс емес. Сонымен қатар бұл жағдай арықтауды қатты қалап жүргендер үшін өте маңызды болуы керек. Сол себепті де таразығатартылудың өзіндік ережелеріне бағынған дұрыс. Ол үшін нутрициолог дәрігерлер мынадай ережелерді ұсынады:

  1. Таразыны қатты әрі теп-тегіс жерге қойыңыз. Сонда таразы қимылдап немесе ары-бері қозғалып кетпейді. Яғни, таразыны кілемнің үстіне немесе линолеумға қоймаған абзал. Теп-тегіс едені бар бөлмедегі бір бұрыш таразының орны болуы керек және оны осы орыннан қозғамаңыз.
  2. Таразыға тартылу үшін оның дәл ортасына тұруға тырысыңыз. Сонымен қатар қимылдамаған жөн. Ең дұрысы таразыға жалаң аяқ тартылыңыз.
  3. Әйелдерге еттеккір уақытында таразыға тартылуға кеңес берілмейді. Бұл уақытта олардың ағзасына артық сұйықтық жиналып, денесінің ісінуі ғажап емес. Бұл жағдай салмағыңызға салмақ қосып, көңіл-күйіңізді түсірері анық. Мұндайда мамандар таразыға тартылмаған дұрыс дейді.


Таразыға тартылуға қай уақыт ыңғайлы?

Таразыға тартылып, тұр-тура қанша келі шығатыныңызды білгіңіз келсе, таңертеңгі уақытта ашқарынға түскен әлдеқайда құптарлық іс. Бірақ ұйқыдан тұрған бойда әжетханаға барып, ішті босатып алыңыз. Сонда сіз өзіңіздің нақты салмағыңыздың қанша шығатынын біле аласыз. Ашқарынға таразыға түссеңіз, салмағыңызға да күмән болмайды.


Таразыға қандай киіммен тұрған дұрыс?

Таразыға түсу үшін өте жеңіл киімді таңдаңыз. Егер мүмкіндік болса киімсіз де түсуге болады. Себебі, киген киіміңіз көп болмаса да бірнеше жүз грамм қосып жіберуі мүмкін. Сондықтан да таразыға іш киіммен немесе жеңіл жатар киіммен түскен дұрыс болады.


Таразыға қаншалықты жиі тартылу керек?

Таразыға түсудің жиілігі сіздің мақсатыңызға байланысты. Егер сіз жай ғана салмағыңыздың қанша екенін біліп жүру үшін таразыға түссеңіз, онда аптасына немесе айына бір рет тартылсаңыз жеткілікті. Егер сіз қандай да бір программа бойынша жұмыс істеп, дұрыс тамақтануға көңіл бөліп жүрсеңіз, онда күн сайын таразыға тартылғанның айыбы жоқ. Ең бастысы күнделікті бір уақытты таңдап, дәл сол уақытта ғана таразыға түсуге дағдылансаңыз болғаны.

Дәптер арнаңыз. Бұл дәптерге күн сайын не ішіп, не жегеніңізді жазып отырасыз. Сонымен бірге салмағыңызды саралау үшін де бұл дәптер сізге ауадай қажет болады. Таңертең ашқарынға таразыға тартылып, нәтижесін дәптерге жазып қойыңыз. Сонда барлығы сізге айқын көрінеді, дәптерге түскен сандар сізге мотивация беріп, міндетті түрде арықтауға септігін тигізеді.

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Қант диабетіне шалдыққандарға не жеуге болмайды?