Демалудың және теріні күтудің қарапайым жолдарын іздесеңіз, оған қомақты қаражат жұмсаудың да қажеті жоқ.
фото: stock.adobe.com
Тек қана косметологиялық салондардың арнайы процедурасына жүгініп жүрген ханымдар, бұл жайлы атмосфераны үйде де қалыптастыруға болады.
SPA дегеніміз - тек қымбат салондардағы процедура емес. Үйде де теріні күтіп, демалып, өзіңді жақсы сезінудің керемет тәсілі бар. Ол үшін мынадай бірнеше қарапайым қадамды жасауыңыз керек:
Теріні тазалау
* Бетке жұмсақ скраб немесе гоммаж жағу (аптасына 1–2 рет).
* Қол мен дене үшін жұмсақ скраб жасап, өлі теріден арылу.
* Ыстық ванна немесе бу ингаляциясы
* Шай, лаванда, эвкалипт эфир майларын қоссаң, бұлшық ет демалады, тыныс жүйесі жеңілдейді.
* Қол мен аяққа бөлек ванна жасап, массаж жасасаңыз, керемет әсер береді.
Маскалар
Бетке табиғи ингредиенттер (бал, йогурт, авокадо, банан) маскалары өте көп көмегін тигізеді. Ал, қол мен аяққа майлы крем немесе ши майымен 10–15 минуттық маска жасаңыз .
Шашыңызға зәйтүн немесе кокос майын жағып, 20–30 минутқа қалдырыңыз, соңынан жылы сумен жуып тастайсыз.
Массаж
Бетке айналмалы қозғалыстармен бет сызықтары бойымен жеңіл массаж жасаңыз. Қол мен аяққа массаж - қан айналымын жақсартып, теріні серпімді етеді.
Құрғақ теріні ылғалдандыру
SPA соңында глицеринді немесе ши майын қосқан крем жағу міндетті. Өйткені, теріңіз жұмсақ әрі нәрленген болады.
Ароматерапия және демалу
Шам жағып, сүйікті музыка тыңдап, тыныштықта 20-30 минут отыру жүйке жүйеңізді тыныштандырып, психикалық күйді де жақсартып, шаршауды кетіреді.
Үйдегі SPA - бұл тек сыртқы сұлулық емес, сонымен қатар жан тыныштығы мен энергияны қалпына келтірудің жолы. Аптасына бір рет жасап тұрсаңыз, теріңіздің жағдайы жақсарып, көңіл-күйіңіз де көтеріледі.
Бетке арналған SPА
Бізге қажетті құралдар:
1 шай қасық жұмсақ скраб немесе кофе, 2 шай қасық бал немесе йогурт, 1 шай қасық зәйтүн майы немесе кокос майы.
Алдымен бетіңізді жылы сумен 2-3 минут бойы жақсылап жуыңыз немесе бу ингаляциясы арқылы теріеің ұсақ тесіктерін ашу қажет. Осылай бетіңізді дайындап алған соң, скрабты немесе кофе мен майды араластырып бетке жұмсақ массаж жасаңыз (2–3 минут). Скрабты жуып тастаған соң, бал немесе йогурт маскасын жағыңыз, 10–15 минутқа қалдырыңыз. Уақыт өткеннен соң, жылы сумен шайып, жеңіл крем жағыңыз. Нәтижесінде теріңіз жұмсақ, нәрленген әрі серпімді бол түседі.
Қолға арналған SPA
Алдымен қажетті құралдарды (жылы суға арналған ыдыс, зәйтүн немесе ши майы, мақта қолғап (егер бар болса) дайындап алыңыз.
Қолыңызды жылы суға 5-10 минутқа батырыңыз. Содан кейін қолыңызды жеңіл скрабпен немесе аздап тұз/қант қосылған қоспамен массаж жасаңыз. Оны жуып тастаған соң, зәйтүн немесе ши майын жағып, массаж жасаңыз, әсіресе тырнақ айналасын ұмытпаңыз.
Майды жағып болған соң, сыртынан қолғап киіп, 15-20 минутқа қалдырыңыз (майды теріге сіңіру үшін). Нәтижесінде қол терісі жұмсақ, тырнақ аймағы нәрленген болады.
Аяққа арналған SPA (қосымша)
Бізге қажет:
Жылы суға тұз немесе сірке суы қосылған ыдыс және хош иісті майлар (ши, кокос, зәйтүн). Аяқты жылы суға 10-15 минутқа батырыңыз. Жеңіл скрабпен массаж жасап, өлі теріден арылыңыз. Сосын жлғарыда аталған майлардың бірін немесе араластырып жағып, 5-10 минут массаж жасаңыз. Сосын қалыңдау шұлық киіп, 20 минут жатып демалыңыз.
Осы процедураның нәтижесінде аяқ терісі жұмсақ болады, шаршауыңыз кетеді. Сонымен қатар, SPA кезінде шам жағып, баяу әуенді, тыныш музыка тыңдау - толық демалуға көмектеседі. Аптасына 1 рет жасау жеткілікті.
Құрғақ теріге арналған кремдерді SPA соңында міндетті түрде жағу керек.
Дайындаған: Г.Жұмаділдаева,
Тағы да оқыңыз:


