Қазіргі уақытта оларды жолға шығаруға дайындық жұмысы жүргізілуде.
Шымкент қаласында қоғамдық көлік паркін жаңарту жұмысы жалғасуда. Осы бағытта қала тасымалдаушылары жаңа автобустар сатып алып, оларды кезең-кезеңімен қолданыстағы бағыттарға шығаруда.
Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жұмыс сапары барысында «Радуга-Транспорт» ЖШС мен «Түркістан көлік компаниясы» ЖШС-не жеткізілген жаңа автобустармен танысты.
Тасымалдаушы компанияларға жалпы 39 автобус жеткізілді. Жаңа қоғамдық көліктер жақын күндері №6, 51, 67, 74 және 92 бағыттарында жолаушыларға қызмет көрсете бастайды.
Заманауи талаптарға сай автобустар қажет жабдықтармен қамтылған және бірыңғай дизайн үлгісінде безендірілген. Қазіргі уақытта оларды жолға шығаруға дайындық жұмысы жүргізілуде.
Жалпы, жыл соңына дейін қалаға 192 жаңа автобус сатып алу жоспарланған. Бүгінгі таңда соның 107-сі жеткізілді. Қалған автобустарды сатып алу бекітілген кестеге сәйкес жалғасады.
Қоғамдық көлік паркін жаңарту жолаушылар тасымалының қауіпсіздігі мен сенімділігін арттыруға, қызмет көрсету сапасын жақсартуға және қала тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған.


