Тоқаев Әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссияның құрамын өзгертті

0
157

Комиссия құрамына депутаттар, кәсіпкерлер, қоғам қайраткерлері, журналистер, дәрігерлер, психологтар мен ғалымдар кірді.


Тоқаев Әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссияның құрамын өзгертті

ERNUR.KZ. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның құрамын жаңарту туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысының 24 қарашадағы №1577 жарлығына сәйкес, комиссияның жаңа құрамы бекітілді.
Комиссия төрағасы болып "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясы басқарма төрағасының орынбасары Бибігүл Жексенбай тағайындалды.
Төрағаның орынбасарлары:
Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты, Отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл Снежанна Имашева;
кәсіпкер, Астана қаласы әкімінің гендерлік мәселелер жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі Назгүл Мақжанова.
Ал комиссия хатшысы болып гендерлік және отбасылық саясат саласындағы сарапшы Гаухар Нұрахметова тағайындалды.
Комиссия құрамына депутаттар, кәсіпкерлер, қоғам қайраткерлері, журналистер, дәрігерлер, психологтар, ғалымдар және гендерлік саясат саласының сарапшылары кірді.