Жалпы ұзындығы – 14,8 шақырым.
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Сайрам» тұрғын алабындағы жолдарды орташа жөндеу жұмыстарының барысымен, қоғамдық көлік бағыттарының жағдайымен танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Сатыбалдиев-Машраб көшелерінің қиылысындағы құрылыс барысын аралап көрді. Тұрғын алаптағы 79 көшенің жалпы ұзындығы – 247,5 шақырым: асфальт  жол – 145,3, тас  жол – 102,2 және топырақ  жол – 0 шақырым.
2021 жылы 8 көше жөндеуден өтеді. Жалпы ұзындығы – 14,8 шақырым. Атап айтқанда, мердігер «Нұрлы жол» ЖШС бүгінде Cыдықхан ата ( 2,2 шқ), Гозохан көшесінде (3,0 шқ) жөндеу жұмыстарын жүргізуде. 
Сондай-ақ, мердігер «АзияКомплексСтрой» ЖШС Марьям ана, Хавазмат ата көшесінде  (1,1 шқ) жөндеу жұмыстарын бастады. Орындау мерзімі – мамыр-маусым айы. 
Айта кетсек, бүгінде тұрғын алапқа №30 – Сайрам - Акбар базар, №139  Сайрам – Ордабасы, №148 Шапырашты – Акбар базар бағытында қоғамдық көлік қатынауда.
                        
                        
                    
