«Бәйтерек» холдингінің директорлар кеңесі 2027 жылға арналған бюджетті бекітті: экономиканы қолдауға 8 трлн теңге бағытталады

0
73

Жобаларды қаржыландыру үшін холдинг нарықтан қаражат тартуды жалғастырады.


«Бәйтерек» холдингінің директорлар кеңесі 2027 жылға арналған бюджетті бекітті: экономиканы қолдауға 8 трлн теңге бағытталады

фото: Пресс-служба Холдинга "Байтерек"

ERNUR.KZ. "Бәйтерек" холдингі 2027 жылы ел экономикасын қолдауға 8 трлн теңге бағыттайды, деп хабарлады Үкімет.
"Оның ішінде өңдеу өнеркәсібіндегі, инфрақұрылым және агроөнеркәсіп кешеніндегі негізгі капиталға салынатын инвестиция көлемі шамамен 1,17 трлн теңге болмақ. Холдингтің қатысуымен тұрғын үй секторында 2,7 млн шаршы метрге жуық тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр", - деп жазылған хабарламада.
Жобаларды қаржыландыру үшін холдинг нарықтан қаражат тартуды жалғастырады.
2027 жылы мемлекеттік емес қаржы көздерінен алынатын ақша қарыздардың жалпы көлемінің 54%-ын құрайды деп болжанып отыр. Екінші деңгейлі банктердің мемлекеттік қолдау құралдарын пайдалана отырып, бизнесті қаржыландыруға қатысуы өз алдына бөлек бағаланатын болады.