ЖҮРЕГІҢІЗ АЙНИ БЕРСЕ КАРТОП шырынын ішіңіз

0
7 577

Қалай және қашан ішу керек?


ЖҮРЕГІҢІЗ АЙНИ БЕРСЕ КАРТОП шырынын ішіңіз

фото: gipertonikum.ru

Құсу – көп жағдайда ағза уланған кезде болады. Кейде тамақты өз мөлшерінен артық жеп қойғанда, асқазанға жақпайтын тамақ жегенде, астан ұшынған кезде де құсық мазалайды. Құсуды тоқтату үшін арнайы дәрі қарастырылмаған. Ол үшін ағзаны уыттан тазалайтын дәрі қабылдайсыз. Ал халық әдісінде көп мөлшерде су ішкізіп ауруды басады.


Десе де, іштегі уыттың бәрі құсық арқылы сыртқа шықпайынша жағдайыңыз болмайды. Ағза толық тазаланған кезде ғана басыңыздың, ішіңіздің ауырғаны басылып, бойыңыз әлденеді. Сондықтан құсықты толық шығаруға тырысыңыз.


Үй жағдайында құсудан құтылу үшін мына емді жасап көріңіз.

  • Көп көлемде сұйықтық ішіңіз. Мейлінше еш қоспасыз таза су ішкеніңіз дұрыс. Сонымен қатар алма шырыны да ем болады. Ем үшін ішетін сусынның салқын болғаны абзал.

Бірақ газды сусындардан, алкогольден, кофеині бар сұйықтықтан бас тартыңыз. Қара шайдың орнына сұйық демделген көк шай ішкеніңіз жөн.

фото: ogastrite.ru

  • 1 стақан жылы суға 2 тамшы лимон шырынын, 1 шай қасық бал, 1 текше зімбір қосып, жақсылап араластырыңыз. Дайын болған емдік сусынды ішсеңіз, құсқаныңыз тез арада тоқтайды.
  • Бірнеше тамшы жалбыз майын қызыл иегіңізге тамызыңыз. Ауруыңыз жеңілдеп, құсық тоқтайды. Оған қоса, жалбыз шайының немесе жалбыз қосылған кәмпиттің көмегіне жүгіңіз.
  • Лимон жүректің айнығанын қойдырып, құсықты тоқтататын керемет дәрі. Шынында да солай. Бірақ дұрыс қабылдай алсаңыз болғаны. Ол үшін лимонды тоңазытқышқа саласыз. Қатты салқындаған кезде қақ ортасынан бөліңіз. Лимонды өзіңіз отырған немесе жатын бөлмеңізге қойыңыз. Лимонның өткір иісі жағдайыңызды жақсартады.

Одан бөлек, мұздатқыштан алған лимонның бір тілігін тіліңіздің астына салып жатыңыз. 15 минуттан соң майда шайнап жейсіз.

фото: food-tips.ru


  • Құсуға тағы бір керемет ем – үйеңкі (клён). Ем үшін үйеңкінің кептірілген жапырағын ұсақтайсыз. Оның 1 шай қасығын 1 стақан қайнаған суға салып, отқа қоясыз. 30 минуттай баяу отта қайнау керек. Белгіленген уақыттан соң қайнатпаны сүзіп алып, 50 мл-ден күніне 4 рет ішесіз. Бұл ем азғаны уыттан, токсиннен толық тазартып, ауруыңызды жеңілдетеді. Тіпті жүктілік кездегі ауыр токсикозға да ем болады.
  • Құсудан жедел түрде арылғыңыз келсе қызыл қарақаттың көмегіне жүгініңіз. Ол үшін 1 ас қасық жидектің шырынын ішесіз. Емді әр 3 сағат сайын қайталап отырыңыз.
  • 50 мл араққа шым-шым тұз араластырып ішіңіз. Артынан 1 стақан апельсин шырынын ішесіз. Осы кезде-ақ құсу тоқтап, асқазаныңыз жеңілдейді. Бұл ем тамақтан уланған кезде де керемет көмектеседі.
  • Тамақтанудан алдын 2 шай қасық картоп шырынын ішіңіз. Аталған шырын асқазанның жұмысын жеңілдетіп, тамақтың тез қорытылуына ықпал етеді. Ағзаны уыттан тазартып, құсуды қойдырады.


Бұл әдістер жедел түрде көмектеседі. Асқазанды, ағзаны удан, құсықтан, запыраннан тазалайды. Дертіңізге дауа болар дәріні дәріханадан емес, өз үйіңізден іздеңіз. Қажеттісін жасап көріп, ауруыңыздан айығыңыз.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.

Материал түрлі дереккөзінен алынды


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Жиі АУЫРАТЫН балаға МЫНА әдісті жасаңыз


БАЛ + ШАЙ = ҰЙҚЫСЫЗДЫҚТАН арылтады


Бұл БЕЛГІЛЕР ағзаңызға ДӘРУМЕН мен МИНЕРАЛДЫҢ жетіспеуін білдіреді