​БАЛ + ШАЙ = ҰЙҚЫСЫЗДЫҚТАН арылтады

0
5 137

Үш күннің ішінде керемет нәтижеге қол жеткізесіз.


​БАЛ + ШАЙ = ҰЙҚЫСЫЗДЫҚТАН арылтады

фото: pl.pan-yteplyai.com

Ұйқысыздық – қауіпті дерт. Өміріңізге де, көңіл-күйіңізге де, денсаулығыңызға да кері әсер етеді. Барлық ағзаның жұмысына зиянын тигізеді. Ұйқысы қанбаған адамның жай-күйін бәріміз де жақсы білеміз. Егер бір түндік ұйқыңыз бұзылса, күні бойы ұйықтап оны қалпына келтіре аласыз. Ал егер күнде түнде ұйықтай алмай, ұйқысыздыққа тап болсаңыз, онда сізге дұрыс ем қабылдау керек.


Ұйқысыздық – жұмысқа қабілетті төмендетеді, иммунитетті түсіреді, түрлі дерттің дендеуіне ықпал етеді. Сондықтан да оның алдын алғаныңыз жөн. Ұйқысыздық дертімен үйде отырып-ақ күресуге болады. Ол үшін ыстық душ, ванна, шөп шай керек.


Алдымен ұйқыңыздың қанбауының себебін анықтап алыңыз. Мүмкін ыңғайсыз матрас, стресс, бөлменің қолайсыз температурасы себеп болып жатқан шығар. Оны анықтау қиын емес. Сіз жатын бөлмеңізді ауыстырыңыз. Басқа бөлмеге барып жерге төсек саласыз. Бөлмені жарты сағаттай желдетесіз. Үстіңізге мақта матадан тігілген ыңғайлы киім киіп жатасыз. Егер сол түнгі ұйқыңыз тыныш әрі тәтті болса, жағдайдың шешімі табылды деген сөз. Ал егер сіз күткен нәтиже шықпаса, онда мына әдісті қолданыңыз.

фото: pitanieives.ru


БАЛ қосылған ШАЙ

БАЛ – ең дәмді әрі пайдалы азық. Егер сіздің бұл тәттіге аллергияңыз болмаса, ұйқысыздық ауруынан арылу үшін қолданасыз.

  • Ұйқыға жатардан алдын 1 стақан жылы суға 1 ас қасық бал араластырып ішіңіз.
  • 200 гр. бал мен 3 шай қасық алма сірке суын араластырып, десерт қасықпен жейсіз. Емді күнде кешке қайталау керек. Бұл қоспа жүйкеңізді тынықтырады, асқазан мен ішектің жұмысын жақсартады әрі тәтті ұйқы сыйлайды.
  • Жарты лимонды ұсақтап турайсыз. Оған 1 ас қасық бал араластырыңыз. Дайын болған емдік қоспаны 1 стақан «Боржоми» минералды суымен араластырып ішесіз. Емді күнде таңертең қабылдау керек.
  • 3 дана лимонның шырынын, 2 ас қасық бал мен 2 ас қасық ұсақталған грек жаңғағын бір ыдысқа салып, мұқият араластырыңыз. Дайын болғаны қоспаның 1 ас қасығын ұйқыға жатар алдында жейсіз.
  • Шағын ыдысқа 1 стақан су құйыңыз. Оған 1 ас қасық қияр тұздығы мен 1 ас қасық бал араластырып, бетін жауып қоясыз. Емдік сусынды түнде жатар алдында ішесіз.

фото: e-w-e.ru


ЕМДІК ВАННА

Ұйқының жайлы, тыныш әрі тәтті болуына ыстық ванна да септігін тигізеді. Ол үшін жатардан алдын эфир майы, шөп қайнатпасы немесе теңіз тұзы қосылған суға түсіңіз.

  • 1 литр салқын суға 2 шай қасық құлмақ (хмель) түйінінің үгіндісін қосып, отқа қоясыз. Бір қайнап шыққан соң отын бәсеңдетіп, 15 минуттай қайнатасыз. Осы уақыт өткен соң тұнбаны оттан алып, сүзесіз. Емдік қасиеті мол суды ваннадағы жылы суға араластырып, ем қабылдаңыз.
  • 50 гр. ұнтақталған шүйгіншөп (валериана) тамырын 3 литр қайнаған суға салып, бетін жауып қоясыз. Шамамен 4 сағаттан соң тұнбаны сүзіп алып, ваннадағы суға араластырыңыз. Емдік қасиеті мол ваннаға 20-25 минут жатсаңыз, бойыңыз сергіп қалады. Осылайша 1 апта бойы күнде қайталасаңыз, ұйқысыздық дертінен біржолата құтыласыз.
  • Ваннадағы жылы суға 4-6 тамшы жаужапырақ (мелисса) мен жалбыз (мята) майын араластырыңыз. Бұл суға 15 минуттай жатсаңыз бойыңыздың балқығанын байқайсыз.
  • 2 литр салқын суға 3 ас қасық жаужапырақ (мелисса) мен 5 ас қасық майқарағай (пихта) үгіндісін қосып, ыдысты отқа қойыңыз. Су қайнаған соң отын бәсеңдетіп, 10 минут қайнатасыз. Осы уақыт өткен соң қайнатпаны сүзіп алып, ваннадағы жылы суға араластырасыз. Емдік қасиеті мол ванна ұйқысыздықтан арылтады, жүйкені тынықтырады әрі теріңізге өте пайдалы.

фото: bravo-girl.ru


ШӨП ШАЙ

Ұйқысыздық дертіне шөп шай, қайнатпа мен тұнба жақсы көмектеседі. Сондықтан да кофенің, қара және көк шайдың орнына осы шөп шайды ішкеніңіз дұрыс болады.

  • 2 шай қасық жұпаргүл (душица) шөбін 1 стақан қайнаған суға салып, бетін жайып қоясыз. Шамамен 20-30 минуттан соң дайын болған тұнбаны сүзіп алып, ішесіз. Емді тамақтанудан 1 сағат бұрын қабылдау керек.
  • 2 ас қасық күреңот (иван-чай) шөбін термосқа саласыз. Үстіне 2 стақан қайнаған су құйып, қақпағын мықтап жабыңыз. Шамамен 6 сағаттан соң дайын болған тұнбаны сүзіп алып, 100 мл-ден күніне 3 рет ішіңіз.
  • 1 стақан қайнаған суға 3 ас қасық шайқурай (зверобой) үгіндісін салып, тұндырып қойыңыз. 2 сағаттан соң тұнбаны сүзіп алып, теңдей 3-ке бөліңіз. Емді күніне 3 рет жүргізу керек.


Бұл емнің қай-қайсысын қолдансаңыз да керемет нәтижеге қол жеткізесіз. Ұйқыңызды жақсартып қана қоймайды, жүйкені тынықтырады, көңіл-күйіңізді көтереді, құлшынысыңызды арттырып, жұмысқа қабілетіңізді жақсартады. Ендеше, артық шығын шығармай-ақ, үй жағдайында аталған емді қолданып көріңіз.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.


Дереккөз: vrachmedik.ru


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Қалқанша безі ауруын өз бетінше емдеуге болмайды – дәрігер


ҚАЙЫҢ бүршігі БУЫН ауруын емдейді


Қызыл түсті ШЫРЫН балаңыздың ИММУНИТЕТІН көтереді