Атыраудағы сауда орталығында жас жігіт әйелдерді дәретханада жасырын аңдыған

0
268


Атыраудағы сауда орталығында жас жігіт әйелдерді дәретханада жасырын аңдыған

Фото: Видеодан скрин
ERNUR.KZ. Атыраудағы сауда ойын-сауық орталығында жас жігіт әйелдер дәретханасына кіріп әйелдерді аңдыды деген күдікке ілінді, деп жазады Stan.kz.

Оқиға ойын-сауық орталығының дәретханасында болған. Әйелдердің бірі басын көтергенде, көрші кабинаның үстінен сығалап тұрған жігітті байқап қалып, бірден шу шығарған.

Алайда жас жігіт әйелдер дәретханасында не үшін жүргенін түсіндірудің орнына, кабинаның ішінен есікті жауып алған. Әйелдердің айқайын естіген басқа келушілер де жиналып, одан сыртқа шығуын талап еткен. Бірақ жігіт есікті ашпай қойған.

Ақыры күзет қызметкерін шақыруға тура келген. Ол жігітті кабинадан шығарып, дәліз арқылы алып өткен. Осы кезде жиналған әйелдер оған наразылық білдірген.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, жігіт әйелдерді жасырын бақылап қана қоймай, телефонға да түсірген. Келушілердің бірі оның телефонынан дәретханада түсірілген фотосуреттерді көргенін мәлімдеген. Ал жігіт тағылған айыптарды мойындамай, дәлел көрсетуді талап еткен.