Өкпені ВИРУСТАН қорғайтын дәрілік АЛТЫ өсімдік

0
10 756

Үрейімізді ұшырып, құтымызды қашырған короновирустан өкпеңізді сақтағыңыз келсе, осы өсімдіктерден дайындалған тұнбаны ішіп жүріңіз.


Өкпені ВИРУСТАН қорғайтын дәрілік АЛТЫ өсімдік

фото: zhong-yao.ru

Мына әлемді жайлаған короновирус алдымен өкпенің жұмысын әлсірететіні белгілі. Сондықтан да вирустан сақтанып, аурудың алдын алғымыз келсе, өкпенің саулығын жақсартуға тиіспіз. Осы орайда, халық емшілері өкпеге пайдасы мол деп таныған алты түрлі өсімдік туралы толық мәлімет береміз. Аталған емдік шөптер өкпенің жағдайын жақсартып қана қоймайды, тыныс жолдарыңызды тазалап, дұрыс демалуға септігін тигізеді.

Ендеше, аты жаман вирустан сақтайтын өсімдікпен танысайық.


ҚЫЗЫЛМИЯ

Қызылмия (солодка) тамыры халық емінде ежелден қолданылады. Әсіресе, тыныс жолдарындағы инфекциямен күресетін керемет күшті дәрі ретінде кеңінен танымал. Қызылмия тамырынан дайындалған дәрі немесе тұнба мұрын, тамақ, өкпе жолдарын тазалап, тыныс алуды жақсартады.

фото: cfdoctor.ru


ӨГЕЙШӨП

Өгейшөп (мать-и-мачеха) жапырағының емдік қасиеті орасан зор. Нақтырақ айтқанда,

  • тыныс алуыңызды жеңілдетеді, тамағыңызды жұмсартады;
  • қақырықты түсіреді;
  • өт айдайды;
  • ауруды басады;
  • сергітеді;
  • бойыңыздағы суықты шығарады.

Өгейшөптен дайындалған дәрі немесе тұнбаны тыныс алу жолдарының, бронхит, ларингит, астма, эмфизема (өкпенің өз қалпынан кеңейіп кетуі), силикоз (шаң-тозаң жұтқаннан болатын ауру) және туберкулездің жеңіл түрін емдеуге қабілетті.


ЖЕБІРШӨП

Бұл өсімдік өкпенің жолдарын тазалап, терең тыныс алуға ықпал етеді. Оның құрамында көп мөлшерде антисептикалық май бар. Ал ол өз кезегінде табиғи антибиотиктің қызметін атқарады. Сонымен қатар, зең ауруларына қарсы дәрі ретінде қолданылады.

Бүгінгі таңда, жебіршөпті (тимьян) тыныс алу жолдарындағы инфекциялық аурулар мен пневмонияны емдеу үшін қолданылады.


ГҮЛШЕТЕН

Бұл өсімдік ісікті емдейді. Гүлшетеннің (розмарин) құрамында гистаминге қарсы тұратын заттар бар. Соның арқасында тыныс алу жолдарының қызаруын емдеп, суықты кетіреді. Жөтелді де жазатын қасиетке ие. Қақырықты шығарып, өкпенің жолын тазартады.

Халық емінде гүлшетенді табиғи антибиотик ретінде жоғары бағалайды.

фото: etogemor.ru

ЛОБЕЛИЯ

Қызыл түсті гүлді өсімдіктің құрамы алкалоидқа бай. Шырышты қабықты сұйылтып, тыныс алу жолдарының қабынуын емдейді. Өкпенің саулығын жақсартып, дұрыс әрі оңай тыныс алуға септігін тигізеді. Одан бөлек, бүйрек үсті бездеріне өте пайдалы.


ЭВКАЛИПТ

Аталған өсімдіктің емдік қасиеті орасан. Оның жөтелге қарсы кәмпит, таблетка және сұйықтық түрін кез келген дәріханадан кездестіруге болады. Ал құрамындағы цинеола заты қақырықты шығарып, жөтелді тез жазады. Мұрынның бітелуі мен ағуын тоқтатып, тыныс алуды жеңілдетеді.


Қалай дайындаймыз?

Жоғарыда аталған алты түрлі өсімдіктің дайындалу жолдары бір-біріне өте ұқсас келеді. Тұнбаны дайындау үшін 1 стақан қайнаған суды термосқа құясыз. Оған 1 шай қасық өсімдік үгіндісін араластырып, бетін жауып қоясыз. Шамамен 25-30 минуттан соң дайын болған тұнбаны ішке қабылдауға болады. Тіпті, емдік қасиеті орасан тұнбамен мұрын мен тамақты шайсаңыз, емдік қасиеті еселенеді.


Ендеше, үрейімізді ұшырып, құтымызды қашырған короновирустан өкпеңізді сақтағыңыз келсе, осы өсімдіктерден дайындалған тұнбаны ішіп жүріңіз.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.


Дереккөз: joinfo.com


Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Балаңыздың ІШІ қатса БАЛ қосылған СҮТ ішкізіңіз


Вакцина салдырмағандар ковидпен ауырып, инфекцияны таратуы мүмкін – дәрігер


Бұл БЕЛГІЛЕР ағзаның ШЛАКҚА толғанын білдіреді