Өрт ғимараттың 3-қабатында кондиционер жүйесіндегі қысқа тұйықталу салдарынан шыққан.
Фото: istockphoto.com
ERNUR.KZ. Пәкістанның Исламабад қаласындағы Пәкістан медициналық ғылымдар институтының ана мен бала бөлімінде болған өрт салдарынан кемінде 14 сәби қаза тапты, депп жазады azattyq-ruhy.kz.
Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, өрт бүгін таңертең ғимараттың үшінші қабатында кондиционер жүйесіндегі қысқа тұйықталу салдарынан шыққан.
Түтін қысқа уақыт ішінде бүкіл қабатты басып қалған. Өрт кезінде бөлімде 15 сәби болғаны хабарланды. Олардың біреуін ғана құтқару мүмкін болған.
Өрт сөндірушілер жалынды тез арада ауыздықтап, кейін жаңа жарылыстардың алдын алу үшін техникалық қондырғыларды салқындатқан.
Пәкістан премьер-министрі Шехбаз Шариф қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтып, қайғылы оқиғаның себептері мұқият тексерілетінін мәлімдеді. Оның айтуынша, кінәлілер жауапкершілікке тартылуы тиіс.


