​Балаңыздың ІШІ қатса БАЛ қосылған СҮТ ішкізіңіз

0
8 580

Емді ашқарынға жүргізу керек


​Балаңыздың ІШІ қатса БАЛ қосылған СҮТ ішкізіңіз

фото: zason.ru

Іш қату – кең таралған ауру. Әсіресе, кішкентай балаларда жиі кездеседі. Мектеп оқушылары мен балабақшаға баратын балалардың бірінші мәселесі – іш қату. Сіз үйдегі кішкентайыңыздың бірнеше күннен бері үлкен дәретке шықпай жүргенін байқап жүрген жоқсыз ба? Бұл жағдайға балалар алаңдамауы мүмкін. Алайда анасы ретінде біз бақылап, алдын алуымыз керек. Іші қатқан балаға дәріханада сатылатын іш жүргізетін дәріні ішкізе салуға болмайды. Ішек дәріге үйреніп алады да, дәрісіз жұмыс істемейтін халге жетеді. Оның орнына 1-2 күнде оң нәтижесін беретін халық әдісімен емдеп көріңіз.


Іш қатудың БЕЛГІЛЕРІ:

  • іштің айналасы ауырады;
  • лоқсып, құсады;
  • іші кебеді;
  • тәбеті төмендейді.


Іш қатуды БОЛДЫРМАУ ҮШІН:

  • құрамы жасұныққа бай тағамдарды үзбей тұтыныңыз. Нақтырақ айтқанда, жемісті қабығымен жегізіңіз. Одан бөлек балғын көкөністі, жасымықты, қара өрікті, бұршақ өнімдерін көбірек беріңіз;
  • қант пен тәтті тағамдарды мейлінше шектеңіз;
  • суды көбірек ішкізіңіз;
  • физикалық қозғалысты көбейтуін қадағалаңыз. Ойын ойнасын, жүгірсін, спортпен айналыссын, доп тепсін. Мұның бәрі қимыл-қозғалысқа жататындықтан ағзаның да, ішектің де жедел жұмыс істеуіне септігін тигізеді.

фото: happy-baby-world.ru

ЛИМОН ШЫРЫНЫ

С дәруменіне бай лимон ішекте судың ұзағырақ тұруына ықпал етеді. Егер ішкен сұйықтығыңыз ішекте біраз жүрсе, онда ішектегі нәжістен бөлек, шлактарды да шығарады. Ол үшін жарты дана лимонның сөлін 1 стақан қайнаған жылы суға араластырасыз. Сусынға татымына қарай бал қосып, ішкізесіз. Емді таңертең ашқарынға жүргізу керек. Егер үйде лимон болмаса, қара өрікпен немесе алма шырынымен алмастыруға болады.


СУ

Жалпы, балалардың қанша мөлшерде су ішіп жүргенін қадағалай бермейміз. Алайда, іштің қатуына суды аз ішу де себеп болады. Ендеше, балаңызға 1-1,5 литр су ішу керектігін айтып түсіндіріңіз. Су ағза мен ішекті тазалайды, жұмысын жақсартады.


БАЛ мен СҮТ

Өздеріңіз білетіндей, балдың иммундық жүйені нығайтатын қасиеті бар. Ал егер 1 стақан жылы сүтке 1-2 ас қасық бал араластырып, берсеңіз, балаңыздың ішіне, ішек жолдары мен асқазанына өте пайдалы болмақ. Сонымен қатар, ас қорыту жүйесінің жұмысын жақсартып, жүйелі түрде үлкен дәретке баруға дағдыланады.

Ескеріңіз! Емді ашқарынға жүргізу керек.


ЗЫҒЫР ДӘНІ

Бірнеше дәнді ыдысқа саласыз. Үстіне 1 стақан су құйып, отқа қойыңыз. Бір қайнап шыққан соң баяу отта 5-10 минут қайнатасыз. Белгіленген уақыттан соң тұнбаны сүзіп алып, жылы күйінде кішкентайыңызға ішкізіңіз. Бұл тұнба – іш қатуды емдейтін ең тиімді әрі пайдалы әдіс.

фото: nazya.com

ЖЫЛЫ ВАННА

Физикалық белсенділіктің төмендігі де іштің қатуына ықпал етеді. Сонымен қатар, қан айналымды, зат алмасуды баяулатып, ағзаның жұмысына кері әсер етеді. Сондықтан да балаңызға күніне 1 рет айналысатын жаттығу жасатыңыз. Мұны міндетті түрде орындауы керек. Сондай-ақ, кемінде 1 сағат таза ауада серуендеуін қадағалаңыз. Үйге кірген соң бірнеше қасық ас содасы қосылған жылы ваннаға жату керек. Бұл – ішті жүргізетін керемет әдіс. Емді 10-15 минут жүргізеді.


БҮЛДІРГЕН

Ішектің жұмысын жүргізуге пайдасын тигізетін бірден-бір жидек – бүлдірген екен. Оны ашқарынға жесеңіз, ішкен-жегеніңізді жақсы қорытып, нәжістің сыртқа оңай әрі тез шығуына септігін тигізеді.


БАНАН

Ыстық суға банан салып ішсеңіз, ішті керемет жүргізеді. Осы емнен соң ішіңіз ешқашан қатпайды әрі ішектегі, ағзадағы барлық шлактар сыртқа шығады. Емді таңертең ашқарынға жүргізу керектігін ұмытпаңыз.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.


Материал түрлі дереккөздерінен алынды


Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Бұл БЕЛГІЛЕР ағзаның ШЛАКҚА толғанын білдіреді


Өкпені ВИРУСТАН қорғайтын дәрілік АЛТЫ өсімдік


Вакцина салдырмағандар ковидпен ауырып, инфекцияны таратуы мүмкін – дәрігер