Бұл БЕЛГІЛЕР ағзаның ШЛАКҚА толғанын білдіреді

0
9 389

Одан құтылудың 6 жолы бар


Бұл БЕЛГІЛЕР ағзаның ШЛАКҚА толғанын білдіреді

фото: mirai-japan.kz

Соңғы кездері өзіңізді тым шаршау әрі ұйқысы қанбаған жан секілді сезінесіз бе? Тіпті бойыңызды билеп алған әлсіздік төсектен тұрғызбайды ма? Қанша сағат ұйықтасаңыз да маужырап жүрсіз бе? Мұның бір ғана себебі бар. Аталған жағдайлар ағза шлакқа толғанда көрініс береді.


Шлак алдымен бауыр мен бүйректі жаулайды. Өздеріңіз білетіндей, бұл екі ағза да тазалаушы қызметін атқарады. Бауыр көптеген улы заттарды зиянсыз заттарға айналдырса, ал бүйрек қоректік заттарды жинау және зәр шығару жүйесі арқылы зиянды заттарды жою үшін қанды сүзеді. Егер бауыр мен бүйрек қызметін дұрыс атқара алмаса, ағза шлакқа толады. Ал ағза шлакқа толса, онда мына маңызды 7 ауру арқылы белгі береді.

фото: smolmed.ru

1. ШАРШАУ

Қанша ерте жатып, кеш тұрсаңыз да шаршаудан арыла алмай жүрсіз бе? Ұйқының қанбауына, қарап отырып шаршауыңызға дұрыс демалмай жүргеніңіз себеп емес. Шаршауды басу үшін түнді түнге ұрып ұйықтасаңыз да, орныңызда тапжылмай отырсаңыз да пайдасы жоқ. Өйткені сіздің үнемі шаршау жүргеніңізге ағзаңызды жаулаған шлак себеп болады.

Бұдан шығатын жол:

Таңертең 1 шыны кофе ішіңіз немесе тәбетіңіз тартқан тәтті жеңіз. Бұлар ағзаны қуаттандырып, зиянды заттармен күресуге ықпал етеді.


2. АРТЫҚ САЛМАҚ

Сіз артық салмақтан арылу үшін әрекет жасайсыз. Ол оңай іс болмайды. Калориясы төмен тағамдарды тұтынасыз. Салдарынан қажетті дәрумендер мен минералды заттардан қапы қаласыз. Нәтижесінде ағза өзіне қажетті заттарды алмаған соң, шлакты «қуып» жіберуге қауқарсыз келеді де, ағза шлакқа толады.

Бұдан шығатын жол:

Артық салмақтан арылу үшін диетаның өзін дұрыс таңдау керек. Мейлінше дұрыс тамақтануға тырысыңыз. Үздіксіз спортпен айналысыңыз. Жеке бастың тазалығын сақтаңыз.


3. ЖАҒЫМСЫЗ ИІС

Ағза шлакқа толған кезде тісіңізді күніне қанша рет тазаласаңыз да, хош иісті сағыз шайнасаңыз да ауыздағы жағымсыз иіс жоғалмайды. Өйткені оның шығуына ағзаны жаулаған шлак себепші екенін білгеніңіз жөн.

Бұдан шығатын жол:

Терапевт немесе гастроэнтеролог дәрігердің кеңесін алыңыз. Асқазан мен бауырды тексертіңіз. Қажет болса, арнайы дәрілердің көмегімен жудырып, ем жасаңыз.


4. ІШ ҚАТУ

Шлакты ең көп жинайтын әрі тазалайтын – ішек. Күн сайын тұрмақ, сағат сайын ішекке шлак толады. Егер сізді іш қату мазалайтын болса, жүйелі түрде үлкен дәретке бармайтын болсаңыз, онда сыртқа шығуы тиіс шлак пен улы зат іште қалып қояды. Салдарынан денеңізге кері әсерін тигізіп, теріңіз қартаяды, дақ басады, қараяды. Одан бөлек, басыңыз ауырып, жиі шаршап жүретін боласыз.

Бұдан шығатын жол:

Алдымен тамақтану мәзіріне мұқият болыңыз. Ешқашан зиянды, жартылай дайын, химикатқа бай әрі консервіленген тағамдарды тұтынбаңыз. Мейлінше дұрыс тамақтануға көңіл бөліңіз. Суды көбірек ішіңіз. Жеміс-жидектер мен көкөністі жуып жеңіз. Қайнатылған, бұқтырылған тағамдар жеуге әдеттеніңіз.

фото: e-w-e.ru


5. ИІС СЕЗГІШ

Ағза шлакқа толса адам өзінен-өзі иіс сезгіш болып алады. Оған ағзадағы химиялық заттардың көптігі әсер етеді. Егер сіз елден бұрын жағымды немесе жағымсыз иіс сезе бастасаңыз, дерттің дауасын өзіңізден іздеңіз. Азғаны шлактан тазартып, қалыпты жағдайына келуге ықпал етіңіз.

Бұдан шығатын жол:

Арнайы дәрігермен ақылдасып алып, 3-7 күндік тазалану әдісін қолданыңыз.


6. БҰЛШЫҚЕТТІҢ АУРУЫ

Сіз ұйқыдан денеңізді көтере алмай оянасыз ба? Бейне бір денеңізді ұрып тастағандай күй кешесіз бе? Оған да себеп ағзаның шлакқа толуы екен. Егер ешқандай спортпен айналыспасаңыз да, физикалық жаттығулар жасамасаңыз да денеңіз ауырып, бұлшықеттеріңіз тырысып жүрсе, онда ағзаны шлактан тазалаңыз.


7. ТЕРІДЕГІ ПРОБЛЕМА

Ағза шлакқа толған кезде беттен көрініс береді. Бетіңізді дақ басып, қарайып, қартая бастайсыз. Кей жағдайларға дене бөртіп, қышып маза бермейді. Бұл жайсыздықтан ағзаны шлактан тазарту арқылы құтылатыныңызды ескеріңіз. Бетіңіз – ішек пен асқазанның айнасы екенін ұмытпаңыз.

Бұдан шығатын жол:

Теріні жасартып, жаңарту үшін қымбат кремнің көмегіне жүгіну бос әурешілік. Ағзаны, асқазанды, бауыр-бүйректі жуғызыңыз. Сонда тері өз-өзінен тазаланып, жасара бастайды.


Ағзаны ШЛАКТАН тазалайтын АЛТЫ әдіс


Бұл әдісті күнде жасаңыз. Сонда ағза шлакқа толмайды. Негізінде ағза жейтін тағамның әсерінен шлакқа толмайды. Оған тамақ, су, ауа да әсер етеді. Ссондықтан да бәріне өте мұқият болғаныңыз абзал. Ал мына 6 әдісті күнде қолдану арқылы ағзаны шлактан тазартып, қайта шлакқа толуына жол бермейсіз.


СУ ІШІҢІЗ

Су – ағза үшін өте паайдалы. Ең бастысы ағзадағы артық заттар мен шлакты шығарады. Егер сіз ішек пен ас қорыту жолдарын таза әрі сау күйінде ұстасаңыз, онда ағза шлакпен өзі-ақ күресіп, сыртқа шығарады. Ендеше, күніне 8-10 стақан су әшуді әдетке айналдырыңыз.


ЛИМОН СУЫ

Егер ағзаны шлактан тазартқыңыз келсе күніне бір рет 1 стақан лимон су ішіңіз. Өйткені лимон қышқылы уытсыздандыратын қасиетке ие. Ал лимон шырыны асқазан мен бауырға өте пайдалы. Сіз лимон су ішуді әдетке айналдырсаңыз, асқазаныңыз қалыпты жұмыс істеп, керегін алып, зиянын тастап тұрады.


СМУЗИ

Жеміс пен көкөністен дайындалған кез келген коктейль ағзаны артық заттан тазалауға септігін тигізеді. Ендеше, күнделікті тамақтану мәзіріне қырыққабаттан, қызылшадан, алмадан, апельсиннен, алмұрттан, кивиден, ананастан, авокадо немесе зімбірден смузи дайындап ішіңіз.

фото: Twitter


КӨК ШАЙ

Ағзаны уыттан қорғау үшін кофені көк шаймен алмастырыңыз. Көк шай ағзаны шлактан қорғайтын антиоксидантқа бай. Құрамындағы глутатион шлакты шығаруға ықпал етеді.

Ал микроэлементтердің қайнар көзі саналатын полифенол майды ерітетін гормон бөледі де, нәтижесінде артық салмақтан арыласыз.

Егер күніне 2-3 шыны көк шай ішсеңіз, ағза шлактан тазарып, сымбатыңыз сымдай тартылады.


ЖАТТЫҒУ

Терлеу – уыттан қорғайтын бірден-бір әдіс. Ағзадағы, терідегі кез келген шлакты терлеу арқылы шығаруға болады. Терлеу үшін үздіксіз жаттығу жасаңыз, моншаға түсіңіз. Бу қабылдаңыз. Міне, осы қадам арқылы шлактан құтыласыз.


СТРЕСС

Ағзаға шлак дұрыс тамақтанбағаннан жиналады. Одан бөлек, стресс те себеп болады екен. Сондықтан да кез келген дүниеге салмақты қарап, байыппен шешіңіз. Стресс шлактың жиналуына ғана емес, ағзаның тозуына да септігін тигізеді.


Материал түрлі дереккөздерінен алынды.


Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Балаңыздың ІШІ қатса БАЛ қосылған СҮТ ішкізіңіз


Вакцина салдырмағандар ковидпен ауырып, инфекцияны таратуы мүмкін – дәрігер


Өкпені ВИРУСТАН қорғайтын дәрілік АЛТЫ өсімдік