Үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды

0
244

Премьер Президентке ел экономикасын нығайту бойынша берілген тапсырмалардың орындалуы туралы айтты.


Үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды

Ақорданың баспасөз қызметі

ERNUR.KZ. Астанада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр, деп жазады tengrinews.kz.

Отырыста премьер-министр Олжас Бектеновтің, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтің, премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтің, сондай-ақ, бірнеше өңір әкімдерінің баяндамалары тыңдалады.

Отырыс премьер-министр Олжас Бектеновтің баяндамасынан басталды. Премьер Президентке ел экономикасын нығайту бойынша берілген тапсырмалардың орындалуы туралы айтты.

"Салық және бюджет реформасы Ұлттық қордан мақсатты трансферттер алмай-ақ, елдің үш жылдық бюджетін қалыптастыруға мүмкіндік берді. Бюджет тапшылығы 2028 жылға қарай ЖІӨ-нің 0,9 пайызына дейін жоспарлы түрде қысқарады. Жергілікті бюджеттердің республикалық бюджетке тәуелділігі 2025 жылғы 50 пайыздан 2028 жылы 34 пайызға дейін төмендейді", - деп баяндады Олжас Бектенов.