Солтүстік Қазақстан облысында ер адам 13 жастағы қызды тұтқында ұстап, зорлады деген күдікке ілінді

0
104

Оқиға 1 шілдеде Айыртау ауданында болған.


Солтүстік Қазақстан облысында ер адам 13 жастағы қызды тұтқында ұстап, зорлады деген күдікке ілінді

фото:stan.kz.

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында 13 жастағы қызды ауыл сыртына алып кеткен 40 жастағы ер адам ұсталды, деп жазады stan.kz.

Оқиға 1 шілдеде Айыртау ауданында болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, кешкі сағат 18:00 шамасында 13 жастағы қыз дүкеннен шыққан. Сол кезде 40 жастағы ер адам оны мотоциклмен қыдыртып келемін деп алдап, ауыл сыртында алып кеткен. Кейін ол қызды тқтқында ұстап, жыныстық зорлық-зомбылық көрсеткен.

Оқушыны іздеу жұмыстары түні бойы жалғасқан. Тек таңғы сағат 05:00 шамасында қыз ауыл сыртынан табылды.

Қазір күдікті құқық қорғау органдары тарапынан ұсталды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.

Жасалған қылмыстың ауырлығын ескерсек, ер адамға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.