1993 жылы туған азаматша Якорь ауылынан Петерфельд ауылына қарай жаяу бет алып, жолдан адасып қалған.
Фото: © istockphoto.com
ERNUR.KZ. Қызылжар ауданында құтқарушылар түнгі уақытта адасып кеткен 33 жастағы бойжеткенді аман-есен тапты. 1993 жылы туған азаматша Якорь ауылынан Петерфельд ауылына қарай жаяу бет алып, жолдан адасып қалған, деп жазады Azattyq Rýhy.
Шұғыл іздеу шаралары барысында құтқарушылар ұялы телефон сигналының пеленгациясы арқылы іздеу аумағын Якорь ауылындағы құс фабрикасының маңы екенін анықтады. Кейін белгіленген аумақты жедел тексеру үшін дрон қолданылды. Әуеден жүргізілген бақылау нәтижесінде бойжеткен Якорь ауылынан шамамен 2 шақырым қашықтықтағы жүгері алқабынан табылды. Оған алғашқы медициналық тексеру жүргізіліп, дәрігерлердің көмегіне мұқтаж еместігі анықталды.
Қазіргі уақытта оның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.


