СҚО-да батпақта қалған көліктерден алты адам құтқарылды

0
143

Электр желілеріне қызмет көрсететін мамандардың көліктері жолда тұрып қалған.


СҚО-да батпақта қалған көліктерден алты адам құтқарылды

Фото: ТЖМ

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысындағы Ақжар ауданында жолда қалып қойған 6 адам эвакуацияланды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Оқиға 2026 жылдың 5 сәуірінде Ленинград және Айсары ауылдарының арасында болған. Мұнда жолдың батпақ болуының салдарынан электр желілеріне қызмет көрсететін мамандардың көліктері жолда тұрып қалған.

Мәліметтерге сүйенсек, электр желілері мекемесінің алты қызметкері жоспарлы жөндеу жұмыстарын аяқтап, кері қайтып келе жатқан. Алайда, электр желілерінің бойындағы жолдың әбден езіліп, лайға айналуы салдарынан үш бірдей автокөлік жүре алмай, батпаққа кептеліп қалған.

«Оқиға орнына шұғыл жеткен құтқарушылар арнайы техниканың көмегімен көліктерді сүйреп, жолдың таза бөлігіне шығарды», — деп хабарлады ТЖМ өкілдері.

Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында барлық жолаушылар қауіпсіз жерге жеткізілді. Зардап шеккендер жоқ.