Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді туған күнімен құттықтады

0
163

​Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті


Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді туған күнімен құттықтады
ERNUR.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді туған күнімен құттықтап, жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі, деп хабаралайды Ақорда баспасөз қызметі.

Қазақстан Президенті Ресейдің өркендеуі және халқының игілігі жолындағы Владимир Путиннің айрықша рөлі мен табанды еңбегін атап өтті.

Мемлекет басшысы Ресей Президентінің екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды нығайтуға зор үлес қосқанына тоқталды.

Сондай-ақ тараптар алдағы бірлескен іс-шаралар кестесін қарастырды.