"Мұзда тайып құлап, қаза тапты": Астанадағы қайғылы жағдайға әкімдік түсініктеме берді

0
68

Тиісті мәлімет әлеуметтік желілерде тараған.


Фото: пресс-служба акимата Алматы

ERNUR.KZ. Астана қаласының әкімдігі ер адамның көктайғақ салдарынан тайып құлап қаза тапқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп жазады zakon.kz.

Тиісті мәлімет әлеуметтік желілерде тараған.

"Бүгін А108 көшесіндегі аялдама маңында жаға ұстатар жағдай болды. Ер адам көктайғақта тайып, басынан соққы алған. Өкінішке қарай, ол оқиға орнында көз жұмды", – делінген ақпаратта.

Сурет: Instagram/problemy_astana


Астана қаласының әкімдігі бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

"Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, А108 көшесіндегі 20-үйдің маңында, автобус аялдамасында ес-түссіз жатқан ер адам табылған. Жедел жәрдем бригадасы оның биологиялық өлімін тіркеді. Марқұмның денесі полиция қызметкерлеріне тапсырылды", – делінген ресми мәліметте.