Мектеп оқушысына қатысты буллинг оқиғасы ресми расталмады

0
116

Бұл туралы Алматы қаласының полиция департаменті хабарлады.


Мектеп оқушысына қатысты буллинг оқиғасы ресми расталмады

Фото: humanium.org

ERNUR.KZ. Бұған дейін аталған жайт бойынша Наурызбай аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғаған да болатын, деп жазады inbusiness.kz.

Еске салайық, бірер күн бұрын "Алматы қаласындағы жекеменшік мектептердің бірінің оқушысына қатысты буллинг болды" деген ақпарат тараған еді.

"Тергеу барысында аталған мәліметтер өз растауын таппады, буллинг фактілері анықталған жоқ.
Қылмыстық іс қылмыстық құқықбұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылды. Қабылданған шешім прокуратурамен келісілді.
Полиция департаменті азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдарын, әсіресе кәмелетке толмағандарға қатысты, тексерілмеген ақпаратты таратудан бас тартуға шақырады", – делінген хабаламада.

Айта кетейік, бірнеше күн бұрын оқушының әкесі әлеуметтік желіде жазба жариялап, бұған жеке мектептегі жағдайдың себеп болғанын және баласына психологиялық қысым көрсетілгенін айтқан еді.