Digital Nauryz: Астанада өздігінен жүретін автокөлік сынақтан өтті

0
67

Пилотсыз такси қызметін іске қосу да интеллектуалды көлік жүйесін дамытудың маңызды бағыттарының бірі болмақ.


Digital Nauryz: Астанада өздігінен жүретін автокөлік сынақтан өтті

фото: Пресс-служба акимата Астаны

ERNUR.KZ. Астана қаласында Наурыз мейрамын жалпы қалалық мерекелеу аясында пилотсыз автокөліктің демонстрациялық жүрісі өтті, деп жазады sputnik.kz.
Көлік Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың Лу Бань шеберханасында жасалған. Автокөлікті бағдарламалау және маршрут картасын шеберхана қызметкерлері әзірледі.
Іс-шара жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Астана қаласының әкімдігі және Astana Innovations ұйымының қолдауымен өткізілді.
"Көрсетілімдік жүріс қалалық мерекелік іс-шаралар алаңында өтіп, заманауи технологияларды кең аудиторияға танытуға бағытталған бағдарламаның бір бөлігі болды. Мереке қонақтары өздігенен жүретін көліктің жұмысын көріп, оның қалалық ортада қолданылу мүмкіндіктерін бағалады", - деп жазылған хабарламада.
Жүргізушісіз автокөлік Smart City инфрақұрылымына жасанды интеллект технологияларын енгізу мүмкіндіктерін көрсетті.
Атап айтқанда, навигация жүйелері, деректерді өңдеу және қалалық ортамен өзара әрекеттесу шешімдері таныстырылды. Алдағы уақытта мұндай технологиялар қалалық инфрақұрылымға кезең-кезеңімен енгізіліп, оның ішінде пилотсыз такси қызметін іске қосу да интеллектуалды көлік жүйесін дамытудың маңызды бағыттарының бірі болмақ.
Биыл Наурыз мерекесі жаңа форматта – Digital Nauryz аясында өтіп жатыр. Бұл бастама елімізде жарияланған Цифрландыру және жасанды интеллект жылымен ұштасып отыр.