Блогер Джузефина 10 тәулікке қамалды

0
98


Блогер Джузефина 10 тәулікке қамалды

Фото: instagram.com/juzzefina24

ERNUR.KZ. Джузефина лақап атымен танымал блогер Жұлдыз Жауынбаева әлеуметтік желідегі тікелей эфирлері үшін 10 тәулікке қамалды, деп жазады Stan.kz.

Алматы полициясының мәліметінше, әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында блогер қыздың әкесі тарапынан өзіне қатысты зорлық-зомбылық жасалғаны туралы мәлімдемелері, сондай-ақ балағат сөздер айтқан және қоғамдық тәртіпті бұзатын өзге де әрекеттер көрсетілген бейнежазбалары анықталған.

“Аталған жария мәлімдемелер бойынша тексеру жүргізілді. Контент авторы және оның ата-анасы анықталып, олардан жауап алынды. Құқыққа қайшы әрекеттер туралы ақпарат расталмады”, – делінген полиция хабарламасында.

Сондай-ақ видеодан блогер тыйым салынған заттарды қолданғанын көрсеткен. Медициналық тексеріс блогердің есірткі заттарын қолдану фактісін растады.

Сондай-ақ блогердің әрекеттерінен ұсақ бұзақылық жасау және жалған ақпарат тарату сияқты әкімшілік құқық бұзушылық белгілері анықталған.

Жиналған материалдар сотқа жолданып, сот қарауының нәтижесі бойынша құқық бұзушыға 10 тәулік әкімшілік қамауға алу түріндегі жаза тағайындалды.