Өрт 20 минут ішінде сөндіріліп, балалар қауіпсіз жерге ауыстырылды.
ERNUR.KZ. Астанада түнде №1 көпбейінді қалалық балалар ауруханасында өрт болды, деп жазады baq.kz.
Оқиға туралы Астана әкімдігі мәлімдеді.
Әкімдік мәліметінше, №1 көпбейінді қалалық балалар ауруханасының бір бөлмесінен өрт шыққаны туралы хабар 11 сәуір күні сағат 22:48-де түскен. Оқиға орнына 101 қызметі 22:55-те жеткен. Ал 23:08-де өрт толық сөндірілді.
Жедел қызметтер мен медицина қызметкерлерінің шұғыл әрекетінің арқасында қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртке байланысты балалар көршілес ғимаратқа көшірілді, – делінген таратылған хабарламада.
Өрттің шығу себебі әзірге хабарланған жоқ.


