Астанада жоғалып кеткен екі жасөспірім іздестірілуде

0
102

​Астанада екі жасөспірім жоғалып кетті.


Астанада жоғалып кеткен екі жасөспірім іздестірілуде

ERNUR.KZ. Астанада 3 наурызда жоғалып кеткен 16 жастағы Ангелина Морева мен 18 жастағы Михаил Фризоргерді іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Оларды іздеуге полиция қызметкерлері мен еріктілер жұмылдырылды, деп жазады baq.kz.

Бұған дейін желіде 2009 жылы туған Ангелина Мореваның жоғалғаны туралы бағдарлар (ориентировка) тараған болатын. Алдын ала мәліметтер бойынша, 3 наурыз күні сағат 11:30 шамасында бойжеткен Есенберлин көшесі, 27 мекенжайында орналасқан Жұмабаев атындағы Халықаралық жоғары колледжден шығып, содан кейін үйіне оралмаған.

Жоғалған күні оның үстінде хаки түсті күрте болған.

Кейінірек екінші жасөспірім – 2008 жылы туған Михаил Фризоргердің жоғалғаны туралы бағдар пайда болды. Мәліметке сәйкес, 3 наурыз күні сағат 08:00 шамасында ол үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған.

instagram.com/_astana_volontery_lider.kz

Жасөспірімдердің қайда екені туралы қандай да бір ақпарат білетін жандардың барлығынан мына телефон нөмірлеріне хабарласуын сұрайды:

+7 747 917 54 17,

+7 771 233 44 40 немесе 102 нөміріне.

3 наурызда полицияға 16 жастағы Ангелина Морева мен 18 жастағы жігіттің жоғалғаны туралы арыз түскен.

Алдын ала мәліметтер бойынша, олардың колледжге шығып кеткені, бірақ үйге оралмағаны анықталды. Бейнебақылау камераларының жазбаларын зерделеу барысында жастардың қаладағы сауда үйлерінің бірінде болғаны белгілі болды, - деп хабарлады полиция өкілдері.

Құқық қорғау органдары жедел-іздестіру шаралары жалғасып жатқанын айтты.

Іздеу жұмыстарына Астана полициясының жеке құрамы жұмылдырылып, сондай-ақ қосымша күштер мен еріктілер тартылған.